Ораза және құлдық
Ораза және құлдық
9 жыл бұрын 2597

Алла Тағала жер бетін небір керемет жеміс-жидекке бөлей отырып, үлкен бір жайылған дастархан іспетті жасаған. Сансыз нығмет-несібесін тізе отырып, ол бізге өзінің Рахман және Рахим екенін дәлелдеуде. Триллиондаған жасушаларымыздың әрбіріне өз қорегін жеткізу арқылы өзіндік Рубубиетін (барша нәрсенің иесі, тәрбиешісі) паш етуде. Пенделер Жаратушының құдірет-күшінің алдында бас иіп, құлдық ұрудың орнына кейде ұмытып көрсоқырлыққа басып, өздеріне жүктелген міндетті орындауға келгенде немқұрайдылық танытып жатады. Ал Рамазан айында ораза ұстаған мұсылмандар болса бәрі бірге сап түзеген жүйесі мығым әскерге ұқсайды. Әсіресе, кеш түсе Алла Тағаланың қонақасына шақырылған сыйлы меймандарша: «Ал бастаңдар!» деген әмірді күтіп тұрғандай өздерінің құл екендіктерін көрсетеді. Осылайша мейірімі мен рақымы, кешірімі мен кеңдігі мол Рахманның алдына өздерінің құл екендіктерін жайып салу арқылы қайтарымын жасайды. Ендеше, өзін адаммын деп есептеген пенденің осы бір абыройлы құл болуға қосылмауы жөн бе? 

"Құлшылық құпиясы"

0 пікір