Ауыр жағдайға ұшырағанда оқылатын дұға
Ауыр жағдайға ұшырағанда оқылатын дұға
8 жыл бұрын 11249

         Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) айтады: «Әлсіз мүмин мен қуатты мүминнің екеуінде де жақсылықтың нышаны бар. Алайда Алла тағала үшін әлсіз мүминнен гөрі қуатты мүмин артық және ұнамды. Өзіңе пайдалы нәрсеге ұмтылып, Алла тағаладан ісіңде жәрдем тіле. Әлсіздікке жол берме. Бір пәлеге ұшырасаң: «Егер мынадай істегенімде былай болар еді», – деме. Керісінше: «Алла тағала тағдырыма осылай болуын жазып, Өзі қалағанын істеді», – де. Өйткені «егер» деген ой шайтанның ісіне жол ашады».

         Бұл хадис мұсылмандарды енжарлықтан сақтандырып, әрекет етіп, қиындыққа төтеп беруіне үндейді.

         Ислам діні адам баласын әрекетшілдікке үндейді. Себебі әрекетшілдік – берекелі тіршіліктің көзі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) еңбек етіп, тіршілігін маңдай терімен қамтамасыз еткен адамды асыра мақтап, Өзі еңбекқорлықтың тамаша үлгісі болатын.

Дұға мәселесіне келер болсақ, Ауф ибн Малик айтады: «Нәби (с.а.у.) екі адамның арасында төрелік етті. Айыпқа тартылған адам олардың жанынан кетіп: «Алла тағалаға тәуекел еткенім мен үшін жетерлік. Ол – қамқорлық етушілердің абзалы», – деді. Сонда Нәби (с.а.у.) оған: «Алла тағала әлсіздікті айыптайды. Сен ықтият болғаның жөн. Бір ауыр жағдайға тап болсаң: «Алла тағалаға тәуекел еткенім мен үшін жетерлік. Ол – қамқорлық етушілердің абзалы», – деп айт».

         Дұғаның оқылуы: «Хасбиәл-ләһу, уа ниъмәл-уакил»

0 пікір