Бір күні Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сахаба келіп:
- «Аллаһ тағала жолында қызмет еткім келеді. Бірақ қолымнан ешнәрсе келмейді», – дейді.
Пайғамбарымыз одан:
- «Әке-шешең тірі ме?» – деп сұрайды.
- «Анам тірі», – деп жауап береді әлгі сахаба.
Сонда Пайғамбарымыз қолдағы алтынның қадірін өсиеттеп:
- «Олай болса анаңа құрмет көрсетуден бір сәт қол үзбе. Оның көңілін табудың жолдарын қарастыр. Егер осылай жасасаң қажылыққа да, Умраға да барғандай сауап аласың. Аллаһ жолында соғысқа қатысқандармен сауабың тең болады. Анаң саған дән риза болса, онда одан кейін үнемі тақуалықтан айрылма және анаңа да қолғабыс бол»49, – дейді[1].
Аллаһ тағаланың мейірімі мен рақымы қандай кең десеңізші! Парыз еткен және құлдарының жасауын қалайтын амалдарды құлдары қолынан келмей жасай алмай жатса, шамалары келетін небір мүмкіншіліктер ұсынады. Сондықтан адам әке-шешесінің көзі тірісінде осындай мүмкіншіліктерді қолдан жіберіп алмағаны абзал. Бәріміз өмірге бір мәрте келеміз. Олай болса әке-шешеміз жанымызда тірі жүрген кезде оларды жаннатқа алып баратын пырақ деп біліп, Аллаһ тағаланың разылығын ата-ананың разылығынан іздеуіміз керек. Сахаба Абдуллаһ ибн Аббас бізге Пайғамбарымыздың былай дегенін баяндайды:
«Кімде-кім ата-анасына сүйіспеншілік пен жылы шырай танытып қараса, сол көзқарасының өзі оған «хажж-мәбрур» жасағандай сауапқа кенелтеді»50[2].
Хадистегі «хажж-мәбрур» деген сөз адамды анадан жаңа туылғандай күнәсіз, пәк күйге түсіретін, Аллаһтың ризашылығына сай орындалған қажылықты білдіреді.
Демек ата-ананы қуантып, мерейін өсіру – адамды сәбидей пәк, бейкүнә қалыпқа түсіретін сиқырлы амал.
"ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ ЖАНЫҢДА"
[1] Әбу Яла. әл-Муснәд. V, 149-бет; әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. IV, 372-бет.
[2] әл-Мунауи. Фәйзул-Қадир. V, 483-бет.