Ұйықтағанда қалай жататынымыз да маңызды
Ұйықтағанда қалай жататынымыз да маңызды
8 жыл бұрын 40090

Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өсиетіне сай мұсылман адам ұйықтағанда оң қырымен жатады. Ғалымдар адам осылай жатқанда оның ағзасына пайдалы болатынын анықтады. Нақтырақ айтқанда, адам оң бүйірімен жататын болса, оның миы күні бойы жиналған улы заттардан тазарады. Яғни, осылай ұйықтаған адам миының улы заттардан тазару тиімділігі он есе артады. Сондай-ақ, глифматикалық жүйесі (мидың қан тамырларының айналасында шоғырланған түтікшелер кешені) белсенді жұмыс істейтін болады. АҚШ-та жарық көретін «Тhe Journal of Neuroscience» басылымында америкалық ғалымдар жазғандай, адам миының улы заттардан тазару қарқыны оның қалай жатқанына байланысты. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, магниттік-резонанстық томографияның көмегімен үш қалыпта, атап айтқанда, шалқасынан, қырынан және етпетінен жатқанда адамның глифматикалық жүйесінде арқа миы сұйықтығының қалай айналатынын қадағалаған. Осынау тәжірибені жүргізгендердің бірі Елена Беневисте зерттеу нәтижесі туралы былай деді: «Анализ көрсеткендей, бір қырынан жатқанда ғана глифматикалық жүйедегі сұйықтық айналымы әлдеқайда жақсы көрсеткішке ие болды».  Бұл жаңалық өз кезегінде ақыл кемістігі, Альцгеймер секілді ауруларды алдын алуда қолданылатын болады. 

"Дәрігерлер де оң жақпен жатуға кеңес береді. Ол артериялық қан қысымын түсіріп, жүрек соғысының жиілігін төмендетеді. Бұл әсіресе, жүрек аурулары барларға маңызды. Сол жақпен жатқанда жүрекке салмақ түседі. Ал оң жақпен жатқан адам жақсы ұйықтайды", – дейді кардиологтар.

Сол жақпен жату жүректің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Себебі, жүрек сол жаққа ығыса орналасқан. Оң жақпен жатқанда жүрек толық тыныштықта болады. Ұйқыңыздың сергек болуы да соның нәтижесінде. 

Ал бұл тұжырымдаманы осыдан 1400 жыл бұрын Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан. Алла елшісі (с.а.у.) алдымен оң жақ қырымен, қолын оң бетіне қойып ұйықтайтын болған. Одан кейін барып, біраз уақыттан кейін сол жаққа немесе шалқайып жату қалыбына ауысуына болады.

Ұйқыға жатқанда ең алдымен Оң жақ қырымен ұйықтау – сүннет болып табылады. Сол сүннетті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үлгілі үмметі өзінің күнделікті әрекетіне айналдырғаны қашан. Енді, ғылым айтты деп өзгелер де бұл сүннетті жаңғыртатын болды.

Хузәйфа (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.) ұйқыға жатқанда қолын жастанып: «Уа, Алла Тағалам, Сенің атыңмен көз жұмып, Сенің атыңмен қайта тірілемін», деп дұға жасайтын», – деген (Бұхари, дағауат 7).

Алла Елшісі ﷺ оң жақпен жататын және өзгелерге оң жақпен жатуды насихаттайтын. Ол ұйқыға жатқанда, оң жағына (бүйіріне) жатып, былай дейтін: Я, Алла! Өз нәпсімді Саған бойсұндырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабыңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім» /Аллаһумма асламту нафси иләйк, уә фәу-уадту әмри иләйк(ә), уә уәж-жәһту уәжһий иләйк(ә), уә әлжәъту зоһрий иләйк(ә) рағбәтән уә раһбәтән иләйк(ә), ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйк(ә), әмәнту би китабикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәл-ләзий әрсәлт/ (Бұхари).

Дәрігер және психоаналитик Самюэл Данкеллдің «Ұйықтау қалыптары. Дененің түнгі тілі» деген кітабы бар. Сол кітабында ғылыми, қызықты деректер келтіреді. Адам түнгі ұйқы кезінде 25-тен 30-ға дейін ұйықтау қалыбын өзгертеді. Егер ол ауру немесе стресстік күйде болса, онда 100-ге дейін жетуі мүмкін. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам он немесе одан көп қалыпта ұйықтайды. Бірақ, көбісі бір-біріне ұқсайды. Самюэл Данкелл барлық ұйықтау қалыбын «Альфа» және «Омега» деп екіге бөледі:

Бастапқы немесе «альфа-қалып». Біздің ұйқыға жатқан кезіміздегі қалыбымыз.

Негізгі немесе «омега-қалып». Өзімізге ыңғайлы қалып. Ұйықтап жатқанда, ұйқыдан тұрған кездегі қалпымыз.

Доктор Самюэл 4 негізгі (базалық) «омега-қалыптарды» бөліп қарастырды:

1. Шарана секілді жату
2. Ет бетімен жату
3. Арқасымен жату
4. Жартылай шарана секілді жату.

Мынау шарана секілді жатудың көрінісі.

Поза спящего человека

Ет бетімен жату. Етпетімен жату дінімізде құпталмайды. Себебі, Әбу Дәуіт жеткізген хадисте Ибн Қайс әл-Ғаффари: "Сәресі уақытынан кейін мешітте етпетімнен жаттым. Бір кісі аяғымнан түртіп, былай деді: "Бұлай жату Алланың ашуын тудырады". Мен бұрылып қарасам Пайғамбарымыз (с.а.у.) екен (Сунану Абу Дауд, № 4/468, Муснаду Ахмад бин Ханбал, 3/429, Аль Маджмуъ ли Имами Навави Шархуль Мухаззаб, № 4/477).

 

Позы спящего человека 

Арқасымен немесе шалқасынан жату.

Позы спящего человека

Жартылай шаранаға ұқсап жату. Міне, Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша жату да осы қалыппен сәйкес келеді. 1909 жылы Борис Сиднейдің Гарвардта жасаған зерттеу нәтижесі көрсеткендей оңақайлар оң жағымен, солақайлар сол жағымен жататыны белгілі болған.

Позы спящего человека

Доктор Самюэл дәл осылай жатудың ерекшеліктерін ерекше жазып кетеді. Бұлай жатудың ұйықтаушыға физикалық жағынан ыңғайлы ерекшеліктері:

Бұл қалыпта тізе аздап бүгіледі, дене жылуды жақсы сақтайды. Сондай-ақ, дене маңынан ауа еркін алмасады.

Дененің ортасы әрі ең маңызды мүше – жүрек жақсы қорғалады. 

Ұйықтап жатқанда адам еркін қозғалады: дененің қалыпты күйін бұзбай бір қырына екінші қараны оңай ауыса алады. Басқа қалыптарда қозғалыс кезінде денеге ауырлық түседі. Бұл қалыптың физикалық ыңғайлылығы адамның қоршаған ортаға оңай бейімделе алатындығын көрсетеді.

Осы қалыпты таңдайтындар, әдетте сенімді және салмақты болып келеді. Олардың психикасы да бірқалыпты, - деп қорытындылайды. 

0 пікір