Намаздың рүкуғы мен сәждесін толық орындау
Намаздың рүкуғы мен сәждесін толық орындау
9 сағаттан соң 40

Алла Тағаланың «Намаздарын салғырт қараушы (қате оқушы) ләнетке ұшырайды» (Мағұн сүресі, 4-5 аяттар) деген сөзінің тәпсірінде: «Бұл – намазын шоқып (тез-тез қағып), рүкөуі мен сәждесін толық орындамайтын адам» делінген.

Сахих кітаптарда (Бұхари мен Муслимде) Әбу Һұрайрадан (р.а.) жеткен хадисте былай делінеді:  Пайғамбарымызға (соллаллаһу ғәләйһи уә сәлләм) мешітте отырғанда бір кісі мешітке кіріп, намаз оқиды. Намазын аяқтап келіп Пайғамбармен амандасты. Ол (с.а.у.) сәлемін алып: «Намазыңды қайта оқы, сен намазыңды оқыған жоқсың» дейді. Әлгі кісі қайта барып, әлгіндей етіп қайта оқып келеді де, Пайғамбарға қайта сәлем береді. Ол тағы да: «Қайта барып намаз оқы, сен намазыңды оқыған жоқсың» дейді. Үшінші рет қайталап келіп сәлем бергенде, Пайғамбар тағы да: «Қайта барып намаз оқы, сен намазыңды оқыған жоқсың» дейді.

Сонда әлгі кісі үшінші реттейінде: «Уа, Алланың Елшісі! Мені хақ дінмен жіберген Затқа ант етейін, бұдан артық әдемі оқи алмаймын, маған (дұрыстап) үйретіңізші» дейді.

Сонда Пайғамбар (соллаллаһу ғәләйһи уә сәлләм):

  • «Намазға тұрғанда тәкбір айт (тәхрима тәкбірімен баста).

  • Содан кейін Құраннан шамаң келгенін (жеңіл оқылатынын) оқы.

  • Кейін рүкуға бар да, толық орныққанша (ішіңнен тәсбих айтып) кідіре тұр.

  • Содан кейін бойыңды түзеп, тік тұр.

  • Кейін сәждеге бар да, жақсылап орнығып, сабыр етіп барып басыңды көтер.

  • Кейін отырғанда да сабырмен орнығып отыр.

  • Содан кейін қайтадан сәждеге барып, сабырмен орнық.

  • Осы амалдарды бүкіл намазың бойы атқар» – деп үйретті.

0 пікір