Макропинна — басы мөлдір балық (фото)
Макропинна — басы мөлдір балық (фото)
2 жыл бұрын 3695

Алла Тағаланың шеберлігін, оның шексіз құдіретін, білгірлігін – жаратылыстарға қарап та ұғынамыз. «Қайда бет бұрсаңдар да, сол жақта Алланың жүзі (бар немесе көресің)» - дейді Жаратушы Иеміз Құдай Тағала. [Құран Кәрім: «Бақара» сүресі, 115 аят.]. Расында да, айналамызға назар салып қарасақ, әрбір жаратылыста Алла Тағаланың құдайылық құдіретінің, шексіз шеберлігінің нышанын байқауға болады. Тіпті бір болмайтын болып көрінетін шіркейдің өзін зерттеп қараған адамға үлкен құдіреттің белгілері жатыр. Бүгін, сондай бір құдірет-күштің нышаны саналатын ерекше бір балық жайында сөз етсек деп отырмыз. Бұл балық «макропинна» балығы деп аталады - «Басы мөлдір балық». 

Басы мөлдір балық жайында ең алғаш рет аммерикандық балықтанушы Уилберт Чепмен 1939 жылы айтып өткен екен. Бірақ ол ғажап балықтың шынайы бет-бейнесін тек 2004 жылы ғана фотоаппаратқа түсіру мүмкіндігі туған. (сурет)


Фото: curious-world.ru

Макропинна немесе басы мөлдір балықтың ғажап тарапы сол – оның бас сүйегі мөлдір болып келеді. Және де екі көзі сол бас сүйектің ішінде орналасқан. Ал көз секілді боп көрінген екі нүкте болса, ол – балықтың мұрны. (Суретте).

Тағы бір қызық жөні - макропинна балығына жарық сәулесі түссе, оның екі көзі жап-жасыл түске оранады. Оның бұл ерекшелігін жарық ағынын сүзетін ерекше бір зат болғандығымен түсіндіріледі. Алғашқыда ол тек төбесін ғана көретін болуы керек деп топшыланған тұғын, алайда кейінірек айналасын тігінен де, жалпағынан да жақсы көретіндігі анықталған.


Фото: curious-world.ru  

Ал әдетте көздің орнындағы қос тесік – ол иіс сезу органы болып табылады. Онымен айналасын қоршаған су ортасындаға болып жатқан түрлі өзгерістерді сезеді. (Сурет)


Фото: elementy.ru

Макропинна балығының бас сүйегінің неге мұншалықты мөлдір болып жаратылғанын бүгінде ғалымдар дөп басып айта алмауда, дегенмен болжам бойынша мөлдір болуының басты себебі – сифонофорлардың (медузе, полиптер) книдоцитынан (бізгек) қорғану үшін болса керек. Немесе мұхиттың түбінде өмір сүретіндіктен, үлпілдек көзі мұхит түбіндегі қысымға төтеп беруі үшін оны бас сүйегінде орналастырып, бас сүйекті мөлдір қылып жаратқан болуы да ғажап емес. 


Фото: curious-world.ru

Макропинна балығының ұзындығы 15 сантиметрді ғана құрайды. Оның бүкіл денесі қара қабыршақтармен қапталған. Жүзбеқанаттары жетерліктей үлкен болып келетіндіктен макропинна балығы қозғалыссыз бір орнында тұра алады.  

Тағы бір қызық тұсы сол, бұл балықтың басындағы мөлдір қаптауы судың астында ғана сақтала алады екен. Ал егер оны судан алып шықса, қысымның күрт төмендегенінен үлбіреген басы жарылып, сол мезетте балық өледі-мыс. Қызық.

Макропинна балықтары Тынық мұхитының солтүстік бөліктерінде кездеседі. Олар мұхиттың 500-800 тіпті 1000 метр тереңдіктерінде өмір кешеді екен. Макропинна балығының сондай тереңдікте өмір сүретіндігі себепті, оны толық зерттеу мүмкін болмай келеді дейді мамандар. Дегенмен, бұл ғажап балықтың әлі де бізге белгісіз сырлары мен қырлары уақыт өте келе ашылары сөзсіз. 


Дереккөз: curious-world.ru. 
Материалды қазақша дайындаған: islam.kz

0 пікір