Жерді қозғалтып тұрған не құдірет?
Жерді қозғалтып тұрған не құдірет?
8 жыл бұрын 7631

Жердің өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 сек. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады.

Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде күнді бір рет айналып шығады. Әйтсе де, жер шарының осындай қозғалыстары үздіксіз өзгеріп тұрады және өте тұрақсыз болады. «Ежелгі биологиялық сағатқа» жүргізілген зерттеуге негізделгенде, Жердің күнді айналу жылдамдығы барған сайын тездеп, өз осін айналу жылдамдығы жылдан-жылға баяулап барады. Мысалы, жер шарының күнді айналу периоды 440 миллион жылдың алдында 412 күн болса, 370 миллион жылдың алдында 398 күн, 65 миллион жылдың алдында 376 күн болған. Ал, қазір бір жыл тек 365,25 күн екені белгілі. Жер шарының өз осін айналу жылдамдығы ақырындап бара жатқаны аспан денелер физика ғылымының есептеу әдістері арқылы дәлелдеуге болады. Ғалымдар бұл құбылысты күн мен айдың жер шарында тасу-қайту құбылысын туғызу әсерінің нәтижесі деп түсіндіреді («Тылсым сырлар». Нұрлан Мұқатай).

Адамдар кварц сағатты ойлап тапқаннан кейін, кварц сағат арқылы уақытты есептеп, күн мен жер шарының салыстырмалы қозғалысын бақылап өлшеді және жер шарының өз осін айналу жылдамдығының бір жылдың ішінде  кейде тездеп, кейде ақырындайтын периодтық өзгерісте болатындығын, көктемде өз осін айналу жылдамдығының баяулап, күзде жылдамдайтынын байқады.

Ғалымдар ұзақ уақыт бақылау-өлшеу арқылы, жер шарындағы мұз бен атмосфераның маусымдық өзгерісі жер шарының өз осін айналуының периодтық өзгерісіне қатысты. Бұдан басқа, жер шарының ішкі бөлегіндегі  материялардың қозғалысы, мысалы, жеңіл элементтердің көтеріліп, ауыр элементтердің шөгіп жер шарының орталығына қарай жиналуы, балқымалардың атылу сияқты құбылыстар жер шарының өз осін айналу жылдамдығына әсері болады деп санайды.

Жер шарының жылдық айналысы күнді және өз осін айналуы сияқты бір қалыпты жылдамдықта болмайды. Бұл жер шарының жылдық айналыс орбитасының күнге ең жақын нүктесі мен ең алыс нүктесінің ортасынан қашықтығының парқы мөлшермен 5 миллион шақырым келетін эллипс тәрізді болғандығында. Жер шары күнге ең жақын нүктеден ең алыс нүктеге қарай жылжыған кезде, күннен алыстай беретіндіктен, күннің тарту күшінің ықпалы әлсіреп, жылдамдығы баяулайды. Ал, алыс нүктеден жақын нүктеге жылжыған кезде керісінше жылдамдығы тездей түседі.

Жердің жылдық айналыс орбитасы мен жер осі вертикаль болмайды және жер осі де тұрақты емес. Ол, бейне, жер шары орбитасында шыр айналған зырылдауыққа ұқсайды. Жер осінің екі басы да үнемі кеңістіктегі мәлім бір бағытты көрсетіп тұра бермейді. Жер осі бағытының мұндай қалыпсыздығын жер шарының қозғалысы туғызады. Ғалымдар жер осінің кеңістіктегі орбита ізінің мүлде шеңберді бойлап қозғалмайтындығын, қайта, шеңбердің іші-сыртына ауытқып периодты қозғалатындығын байқады.

Жер ғаламшары тағы Күн жүйесімен бірге құсжолы жүйесінің құрамында ғаламды кезеді. Жер шары міне осылайша ғаламда тоқтаусыз қозғалыс жасап, мәңгі дамылсыз өмір сүреді. Оның осы тынымсыздығы ол пайда болған сәттен басталған болуы мүмкін. Жер шарының қазіргі күн жүйесіндегі қозғалысы жөнінен айтқанда, оның қозғалыс жылдамдығы баяулап немесе тездесін, бәрібір ол күннің, күн жүйесіндегі басқа планеталардың және айдың тарту күшінен алыстап кете алмайды. Ал,  адамдар осы бір өздері мекен еткен Жер ананың құпияға толы сырларын білуге талпынумен келеді. Олар,  жер шары әуел баста қалай қозғалған? Болашақта оның қозғалысы қалай болады? Өз осін айналу жылдамдығы барған сайын баяулай бере ме? - деген сұрақтарға жауап іздеумен келеді.

 Дәл қазірге дейін алғашқы қозғаушы күш көзқарасы тек жорамал ғана. Ньютон өзі  байқаған үш үлкен қозғалыс заңы мен бүкіл ғаламдық тартылыс заңына қорытынды шығарған соң, осыдан кейінгі бар зейін қуатын жұмсап, алғашқы қозғаушы күш жөнінде ізденген және оны зерттеген.

Ең соңында ол: «ғаламдық қозғалыс механизмін Алла «жобалаған» және жаратқан, әрі оған тұңғыш рет күш сыйлаған, оны қозғалтқан» деген зерттеу қорытындысын шығарған. Алайда, қазіргі ғылым алғашқы қозғаушы күшті мойындамайды және нақты түсіндіріп те бере алмайды. Осылайша жер шарының, бүкіл ғаламның қозғалыс сыры адамдарға әлі күнге дейін жұмбақ болып келеді.[1]

 

Жер шары

Біз­дің отау ті­гіп, өмір сү­ріп жат­қан жер ша­ры мен жы­лу­ын кү­лім­дей төк­кен күн­нің ара­сы жаз жә­не қыс мез­гіл­де­рі­не бай­ла­ныс­ты 135 не­ме­се 149,5 мил­лион шақы­рым. Егер осы атал­мыш ара­қа­шық­тық кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен аз мөл­шер­де азай­са, то­ңып, мұз бо­лып қа­тып қа­ла­ты­ны­мыз­ды не­ме­се аз мөл­шер­де кө­бей­се күйіп-жа­нып ке­те­рі­міз­ді бір ме­зет ой­ла­дық па? Ойла­нып, Жер мен Күн­нің ара­сын­да­ғы осы ың­ғай­лы ара­қа­шық­тық­ты белгілеп, оны ға­сыр­лар бойы бұл­жыт­пай ұс­тап тұр­ған құ­ді­рет­ті күш­ті та­ни ал­дық па?

Ас­пан­да­ғы әр­бір де­не­нің өзі­не тән бел­гі­лі, тұ­рақ­ты ай­на­лу ор­би­та­сы, қоз­ға­лу жыл­дам­ды­ғы бар. Мы­са­лы, Жер ша­ры са­ға­ты­на 1 670 ша­қы­рым жыл­дам­дық­пен өз-өзін ай­нал­са, Күн­ді са­ға­ты­на 108 000 ша­қы­рым жыл­дам­дық­пен ай­на­ла­ды. Егер осын­дай жыл­дам­дық­пен жү­ре­тін кө­лік жа­сал­ған жағ­дай­да жал­пы дү­ниенің шең­бе­рін 22 ми­нут­та ай­на­лып шы­ғу­ға бо­ла­ды екен. Көр­се­ті­ліп отыр­ған бұл сан­дар тек Жер ша­ры үшін, ал Күн жүйесі­нің жыл­дам­ды­ғы мүл­де таң­ға­лар­лық. Ға­рыш­тық (кос­мос­та) жүйе­лер­дің кө­ле­мі ұл­ғай­ған сай­ын қоз­ға­лу жыл­дам­дық­та­ры да ар­та тү­се­ді. Күн жүйесі­нің Құс жо­лы га­лак­ти­ка­сы ор­та­лы­ғын ай­на­лу­да­ғы жыл­дам­ды­ғы сағаты­на тұп-ту­ра 720 000 ша­қы­рым. Ал, ша­ма­мен құ­ра­мын­да 200 мил­лиард жұл­дыз­ды қам­ти­тын осы Құс жо­лы га­лак­ти­ка­сы­ның ға­рыш­та­ғы жыл­дам­дық мөл­ше­рі са­ға­ты­на 950 000 ша­қы­рым[2]. Мұн­дай бір-бі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та­ғы әрі өте жо­ға­ры жыл­дам­дық­та­ғы жүйе­лер­дің со­ғы­сып, қақ­ты­ғы­суы әб­ден мүм­кін бо­ла тұ­ра ға­рыш­та еш­бір ақауға куә бол­ма­дық. Иә, мил­лиардтаған жыл­дар бойы жылдам­дық­та­рын­да­ғы тұ­рақ­ты мөл­шер еш өз­гер­мес­тен жалға­су­да. Мы­са­лы, біз ав­то­кө­лік­пен са­ға­ты­на 200 шақы­рым жыл­дам­дық­пен ке­ле жа­тып, оқыс тоқ­тат­сақ, те­ре­зе әй­не­гін быт-шыт қып сырт­қа те­сіп шы­ға­ратыны­мыз анық. Ал ен­ді біз­дің се­нім­ді бе­сі­гі­міз – Жер ша­ры бір мезет оқыс тоқ­та­май-ақ қой­сын, тұ­рақ­ты жыл­дам­ды­ғын аз ға­на аз­айт­са, жер бе­тін­де­гі күл­лі зат атау­лы ға­рыш­қа та­ры­дай ша­шы­лып ке­тер еді. Де­мек, мил­лиард жыл­дар бойы Жер ана­мыз­ды жә­не бас­қа да жұл­дыз­дар­ды бір мезет тоқ­тат­па­стан, әр­қай­сы­сын өзін­дік тұ­рақ­ты жыл­дам­дық­та­ры­мен ай­нал­ды­рып, тер­бе­тіп тұр­ған Ұлы Жара­ту­шы бо­лу­ға тиіс. Егер мұ­ның бә­рін кез­дей­соқ жүзе­ге асып жа­тыр де­сек, не­ге біз та­ғы да сол се­нім­сіз кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен Жер ана­мыз­дың тоқ­тап неме­се жыл­дам­ды­ғын­да кі­ді­ріп қа­луынан еш қо­рық­па­стан, уай­ым­да­ма­стан үс­тін­де жай­ба­ра­қат жүр­міз?

Бей­та­ныс бір адам қо­лын­да­ғы ме­ха­ни­ка­лық жүйе­мен іс­тей­тін қол са­ға­тын біз­ге та­ныс­ты­ру ба­ры­сын­да: «Өз-өзі­нен, кез­дей­соқ­тық­тың әсе­рі­нен, яғ­ни, жер­дің ас­тын­да­ғы ми­не­рал­дар өз-өзі­нен еріп, те­мір­ге ай­на­лып, одан жі­ңіш­ке есеп­ті ішін­де­гі әр түр­лі кер­тік-кер­тік құ­рал­да­ры, көр­сет­кіш сан­да­ры жә­не бе­тін­де­гі әй­не­гі өз-өзі­нен жа­са­лып, іс­ке қо­сы­лып пай­да бол­ды» – де­се, се­нер ме едік? Әри­не, сен­бес едік. Ал ен­ді жай бір уақыт­ты ға­на көр­се­те­тін кіш­кен­тай қол са­ғат­тың өз-өзінен, кез­дей­соқ пай­да бол­ға­ны­на сен­бей­міз де, жүйе жа­ғы­нан са­ғат­пен са­лыс­ты­ру­ға мүл­дем кел­мей­тін мы­на ке­ре­мет ұшы-қиыры жоқ шек­сіз әлем­нің өз-өзі­нен пай­да бол­ға­ны­на қа­лай сен­бек­піз?[3]

 

Жердің айналу бағыты

«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда».

Алла Тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар оның айналу бағыты да айтылып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500- 4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа-райын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан.

Ал бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?[4]

 

Таулардың қозғалуы

Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажырамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста болатыны турасында былай делінген: «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда».

Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына байланысты болады. Жер қабығы болса, мантияның үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы тұжырымды ортаға салған болатын. Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы – Құранда айтылып кеткен еді.

Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына деректер келтірілген: «Жер бетіндегі құрлықтар шамамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Шамамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың бірі – Африка, Австралия, Антарктикада және Үндістанды қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Америка және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия болатын. Осылайша Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады». Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе – Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты «жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдаланып жүрген термині ағылшын тілінде «continental drift», яғни «құрлықтық жылжу».[5]

[1] Қазақпарат: Жер шарын қандай күш қозғалтып тұр?
[2] Адем Якуп, Ку­ран Му­жи­зе­ле­рі, 23-бет. Не­сил Мат­ба­жы­лык, 2003 ж. 
[3] Имани гүл. Қ. Жолдыбайұлы
[4] Имани гүл. Қ. Жолдыбайұлы
[5] Имани гүл. Қ. Жолдыбайұлы

0 пікір