Жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен бар­лық адам ба­ла­сын бір уа­қыт­та қай­та ті­ріл­ту қа­лай жүзеге асады?
Жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен бар­лық адам ба­ла­сын бір уа­қыт­та қай­та ті­ріл­ту  қа­лай жүзеге асады?
9 жыл бұрын 1940
Қайрат Жолдыбайұлы

Алла Та­ға­ла үшін бар­лық адам ба­ла­сын, тіп­ті күл­лі жа­ра­ты­лыс атаулыны қай­та ті­ріл­ту – бір адам­ды ті­ріл­ту­мен бір­дей. Оның шек­сіз құ­ді­ре­ті үшін шы­бын сияқ­ты кіш­кен­тай жа­ра­ты­лыс­ты жа­ра­ту мен ас­пан әле­мін­де­гі мил­лион­да­ған га­лак­ти­ка­лар­ды, он­да­ғы сан­сыз жұл­дыз­дар­ды жа­ра­ту – оңай­лық жа­ғы­нан па­рапар. Не­гі­зін­де Алла үшін оңай, қиын де­ген ұғым жоқ. Ол үшін бар­лық нәр­се оңай. Оның «бол!» де­ген әмі­рі ар­қы­лы бар­лық нәр­се бір сәт­те бар бо­лып, тір­ші­лік әле­мін­де кө­зін аша­ды. Қия­мет кү­ні Ис­ра­фил де­лін­ген пе­ріш­те­нің сыр­най­ға екін­ші рет үр­леуі­нен кейін Алла Та­ға­ла бар­лық адам­ды бір сәт­те мәң­гі­лік өмір үшін қай­та ті­ріл­те­ді. Қыс­қы өлім­нен кейін ші­рі­ген сүйек тә­різ­дес жер бе­тін­де­гі бар­лық ағаш­тар­ды, сан­сыз гүл-бәй­ше­шек­тер­ді, жал­пы өсім­дік атауын еш жа­ңы­лыс­па­стан әп-сәт­те, бір мез­гіл­де оп-оңай ті­рі­лт­кен құ­ді­ре­ті шек­сіз Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз үшін Адам ата­дан бе­рі жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен күл­лі адам ба­ла­сын бір мез­гіл­де, көз­ді ашып-жұм­ған­ша қай­та ті­ріл­ту еш қиын емес. Әр нәр­се­сі­мен шектеу­лі әл­сіз адам ба­ла­сы бір ға­на нүк­те­ге ба­су ар­қы­лы көз­ді ашып-жұм­ған­ша үл­кен бір қа­ла­ға жа­рық бе­ріп, нұр­ға бө­леп жат­қан­да, құ­ді­ре­ті шек­сіз Хақ Та­ға­ла үшін бар­лық өлі­лер­ге бір мез­гіл­де жан бе­ріп, әпсәт­те қай­та ті­ріл­туі не­лік­тен мүм­кін бол­ма­сын?!

«Лұқ­ман» сү­ре­сін­де:

﴿مَّا خَلْقُكُمْوَلَا بَعْثُكُمْ إِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ بَصِيرٌ﴾

«Сен­дер­дің жа­ра­ты­лу­ла­рың да, қай­та­дан ті­ріл­ті­лу­ле­рің де бір кі­сі­нің жа­ра­ты­лып, ті­ріл­ті­луін­дей-ақ (оңай). Кү­мән­сіз Алла Та­ға­ла бар­лық нәр­се­ні то­лық ес­ту­ші әрі кө­ру­ші»,[1] - де­лін­ген.

[1] Лұқ­ман сү­ре­сі/28

0 пікір