Иб­ра­һим­нің қис­са­сы
Иб­ра­һим­нің қис­са­сы
10 жыл бұрын 2516
Қайрат Жолдыбайұлы

Иб­ра­һим (а.с.) бір кү­ні те­ңіз жа­ға­сын­да жат­қан бір жа­ну­ар­дың өлек­се­сін көр­ді. Жа­ға­ға ұр­ған те­ңіз тол­қы­ны­мен іле­се кел­ген ба­лық­тар бұл өлек­се­ні жұ­лып-жұ­лып жеп, ке­тіп жат­ты. Тол­қын ке­ті­сі­мен тө­бе­де­гі құс­тар ке­ліп шо­қып-шо­қып жей бас­та­ды. Осы­лай­ша өлек­се­нің бір бө­лі­гі ба­лық­тар­дың, қал­ған бір бө­лі­гі құс­тар­дың құр­са­ғын­да ке­тіп жат­ты. Осы кө­рі­ніс­ті та­ма­ша­ла­ған Иб­ра­һим (а.с.) ен­ді Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның осы бө­лік-бө­лік боп, ұс­та­ған­ның қо­лын­да, тіс­те­ген­нің ау­зын­да кет­кен жа­ну­ар­ды қа­лай ті­ріл­те­ті­нін көр­гі­сі ке­ліп, Раб­бы­сы­на: «Уа, Раб­бым, өлі­лер­ді қа­лай ті­ріл­те­ті­нің­ді ма­ған көр­сет­ші», - деп өті­ніш жа­са­ды. Шынтуай­тын­да Иб­ра­һим­нің (а.с.) ті­ріл­ту­ді көр­гі­сі кел­ге­ні Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның құ­ді­ре­ті­не де­ген кү­мән­нан туын­да­ма­ған еді. Тек Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның қа­лай ті­ріл­те­ті­нін кө­ріп, та­ма­ша етіп, ше­бер­лі­гі­не таң­ға­лып, шек­сіз құ­ді­ре­тін көр­ген жү­ре­гі жай тауып, Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на ма­дақ ай­тып, бас игі­сі кел­ген-ді. Бір нәр­се­ге се­ну бас­қа, кө­ру бас­қа. Сон­дық­тан Ол: «Раббым өлі­лер­ді ті­ріл­те ала­сың ба?» деп сұ­ра­ған жоқ, «Уа, Раб­бым ма­ған өлі­лер­ді қа­лай ті­ріл­те­ті­нің­ді көрсет­ші», – де­ді.

Алла Та­ға­ла Иб­ра­һим­ге (а.с.): «Жоқ, әл­де сен­бе­дің бе?», – де­ді. Не­гі­зін­де Алла Та­ға­ла оның ақы­рет­ке кү­мән­сіз се­не­ті­нін бі­ле­тін еді. Ал, Иб­ра­һим­ге бы­лай деп сұ­рақ қоюуы­ның се­бе­бі – кейін ке­ле­тін адам­дар­дың ол ту­ра­лы қа­те тү­сі­нік­ке бар­маула­ры үшін еді.

Иб­ра­һим (а.с.) өті­ні­шін­де­гі мақ­са­тын бы­лай деп тү­сін­дір­ді: «Әри­не, (өлі­лер­ді қай­та ті­ріл­те­ті­ні­ңе) се­не­мін. Бі­рақ (қа­лай ті­рі­лт­ке­нің­ді кө­ріп, әр нәр­се­ні көр­гі­сі ке­ле­тін) жү­ре­гім жай тап­сын деп едім.»

Осы­дан кейін Алла Та­ға­ла Иб­ра­һим құ­лы­на: «Төрт тал құс ал. Со­сын, олар­ды өзі­ңе әб­ден үй­рен­шік­ті ет. (Со­сын, төртеуін де сой­ып бір-бі­рі­мен ара­лас­ты­рып) олар­ды (ара­лас­қан ет­тер­ді) әр тау­дың ба­сы­на бө­ліп-бөліп қой. Сөй­тіп олар­дың әр­қай­сы­сы­ның атын атап ша­қыр; олар са­ған жү­гір­ген күй­де ке­ле­ді. Алланың (әр нәр­се­ге кү­ші же­те­тін) Азиз әрі (әр нәр­се­ні орын-орын­ды іс­тей­тін) Ха­ким екен­ді­гін біл де­ді».

Иб­ра­һим (а.с.) бе­ріл­ген әмір­ді бұл­жыт­пай орын­да­ды. Құс­тар­ды тауып, со­сын олар­ды әб­ден өзі­не үй­рет­ті. Со­сын олар­ды сой­ып, жүн­де­рін жұ­лып, ет­те­рін бір-бі­рі­мен ара­лас­тыр­ды. Ара­лас­қан ет­тер­ді төрт­ке бө­ліп, төрт тау­дың ба­сы­на апа­рып тас­та­ды. Сөй­тіп құс­тар­дың әр­қай­сы­сы­ның атын атап ша­қыр­ға­ны сол еді, бә­рі­нің тірі­ліп, ұш­қан бой­да жа­ны­на кел­ге­нін кө­ріп Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның құ­ді­ре­ті­не таң-тамаша болып, жү­ре­гі жай тап­ты.

0 пікір