Өлгеннен кейін қайта тірілуге иманның пайдалары
Өлгеннен кейін қайта тірілуге иманның пайдалары
10 жыл бұрын 2590
Қайрат Жолдыбайұлы

1) Өлім­нен кейін қай­та ті­рі­лу­ге то­лық илан­ған кез кел­ген адам­ның қо­ғам­да­ғы ең се­нім­ді тұл­ға­ға ай­на­ла­ры сөз­сіз. Се­бе­бі оның се­ні­мі бой­ын­ша, Ұлы жа­ра­ту­шы­сы өзі­нің іс­те­ген әр­бір ісін кө­ріп тұр. Бұ­ған қо­са бар­лық қимыл-әре­кет­те­рі екі жа­ғын­да­ғы пе­ріш­те­лер та­ра­пы­нан үнемі жа­зы­лып, есеп­ке алы­ну­да. «Зил­зала» сү­ре­сін­де ай­тыл­ған­дай:

﴿فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْراًيَرَهُ *وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرّاً يَرَهُ﴾

«Кім­де-кім то­заң­дай жақ­сы­лық іс­те­се, жақ­сы­лы­ғы­ның қа­ры­мын сөзсіз ала­ды. Ал кім­де-кім то­заң­дай жа­ман­шы­лық іс­те­се, оның жа­за­сын тар­та­ды».

Іс­те­ген әр­бір ісі­нің, бас­қан әр­бір қа­да­мы­ның, сөй­ле­ген әр­бір сө­зі­нің ер­тең ана дү­ниеде есе­бін бе­ре­ті­нін ойлап, жү­ре­гі­мен бек сен­ген адам жа­ман­шы­лық атау­лы­дан, жал­пы кү­нә­дан алыс жү­ре­ді. Өйтке­ні иман­ды адам іс­те­ген қия­нат­та­ры­ның жа­за­сы­нан бұл дү­ниеде құ­тыл­ға­ны­мен, ана дү­ниеде құ­тыл­май­ты­нын ой­лап, кү­нә­ла­ры­ның есеп кү­ні ал­ды­нан «қай­да­сың» деп ат­тан са­лып, жа­ға­сы­нан алып, мас­қа­ра ете­ті­ні­не кә­міл се­не­ді. Бұ­ған қо­са ана дү­ниеде қай­та ті­рі­ле­ті­ні­не сен­ген кез кел­ген адам өзін жа­рат­қан Ұлы Иесі­нің ри­за­шы­лы­ғын алып, жән­на­тын­да сый-сыя­пат­қа ке­не­луі үшін бар­лық өмі­рін із­гі істер­мен өр­нек­теп, жақ­сы амал­дар­мен кес­те­леуге ты­ры­сып ба­ға­ды. Мұн­дай се­нім­ге ие бол­ған же­ке тұл­ға­дан да, қо­ғам­нан да жа­ман­шы­лық кү­ту­дің өзі орын­сыз. Же­ке тұл­ға­ның, от­ба­сы­ның, кез кел­ген қо­ғам­ның, тіп­ті жал­пы дү­ниенің бей­біт­ші­лік­ті ту етіп, ба­қыт­ты ғұ­мыр ке­шуінің жал­ғыз жо­лы – ақы­рет­ке, өл­ген­нен кейін қай­та ті­рі­лу­ге де­ген шы­найы се­нім. Жал­пы әлем­де­гі іс­те­лі­ніп жат­қан зұ­лым­дық­қа, бей­кү­нә жан­дар­дың бо­стан-бос­қа тө­гіл­ген қа­ны­на, әді­лет­сіз­дік­ке, бар­лық жа­ман­шы­лық атау­лы­ға «Же­тер ен­ді, тоқ­та!» деп, тосқауыл бо­ла ала­тын жал­ғыз күш – қай­та ті­рі­лу­ге де­ген осы се­нім. Өйтке­ні бұл се­нім әр тұл­ға­ның ар-ұж­да­нын­да, жү­ре­гін­де әр­бір ісін қа­да­ға­лап тұ­ра­тын ең әділ кү­зет­ші іс­пет­ті. Ақи­қат тек күш деп са­на­ла­тын жә­не әді­лет­сіз­дік­ке, ұр­лық-қар­лық­қа, жем­қор­лық­қа, па­ра­қор­лық­қа то­лы қа­зір­гі мы­на дү­ниеде бұл се­нім­нің қан­ша­лық­ты қа­жет­ екені айт­па­са да тү­сі­нік­ті. Қа­зақ атам­ның «Құ­дай­дан қо­рық­па­ған­нан қорық» деуі де бекер емес.

2) Ақы­рет­ке кә­міл сен­ген адам еш­қа­шан өлім­нен қо­рық­пай­ды. Өлім – ол үшін жоқ бо­лып, ші­рі­ген сүйек­ке ай­на­лып, мәң­гі­лік­ке көз жұ­му емес. Ке­рі­сін­ше, екін­ші бір мәң­гі­лік өмір­ге кө­шу, жал­ған дү­ниеден ба­қи не­гіз­гі дүниеге қо­ныс ауда­ру. Өлім құ­бы­лы­сы – ақы­рет се­ні­мін то­лық қа­был­да­ған адам үшін мәң­гі­лік өмір­дің, шек­сіз ба­қыт­тың ба­сы бол­мақ. Ке­зін­де­гі ең күш­ті мем­ле­кет­тер­дің бі­рі Иран­ды же­ңіп, ті­зе бүк­тір­ген Сағд ибн Әби Уақ­қас өзі­нің же­тіс­ті­гі­нің се­бе­бін бы­лай деп тү­сін­ді­ре­ді: «Мұ­сыл­ман әс­кер­лер шейіт бо­лып, мәң­гі­лік ба­қыт­қа қауышу үшін еш­нәр­се­ден қо­рық­па­стан өлім­ге жү­гі­ре­ді. Ал жау­дың әс­кер­ле­рі бол­са, ке­рі­сін­ше, өлім­нен қа­шып, әр­бір қа­да­мын өлім­ге де­ген үрей­мен ба­са­ды».

Иә, ақы­рет­ке сен­бе­ген адам үшін өлімнен қор­қы­ныш­ты еш нәр­се жоқ. Өйтке­ні олар үшін өлім – жоқ бо­лып, тір­ші­лік бе­ті­нен мәң­гі­лік­ке өшу де­ген сөз. Мұн­дай жан­дар өлім­ді ой­лап кет­се, ұйқы­ла­ры қа­шып, өне-бой­ла­ры суып, ма­за­ла­ры ке­те­ді. Әсі­ре­се, өмір­ле­рі­нің со­ңы­на таяп қал­ған ақыретке сенімі жоқ қарт­тар мен ай­ық­пас ауру­ға шал­дық­қан жан­дар үшін өлім өте қор­қы­ныш­ты. Қал­ған аз ға­на өмір­ле­рі де олар үшін бей­не бір тас қа­раң­ғы зын­дан­дай кө­рі­ніп, тір­ші­лік­тен тү­ңі­ліп, үміт­сіз күй ке­ше­ді. Олар­ды осы қа­раң­ғы зын­дан­нан жа­рық нұр­ға, үміт то­лы өмір­ге алып шы­ға­тын жал­ғыз күш, да­ра ме­дет – ақы­рет­ке, қай­та ті­рі­лу­ге де­ген бе­рік се­нім.

3) Ақы­рет­ке сен­ген адам өзі­нің қу қа­ра ба­сын ға­на ой­лай­тын өзім­шіл­дік­тен құ­ты­ла­ды. Ақы­рет­те жү­зі­нің жар­қын бо­лып, Ұлы Жа­ра­ту­шы ал­дын­да сүйік­ті құл­да­ры­ның қа­та­ры­нан та­бы­лу үшін әр­қа­шан бас­қа­лар­ға жақ­сы­лық жа­сап, кө­мек­те­се­ді. Жал­пы айт­қан­да, Алланың құл­да­ры­на пай­да­лы бо­лу­ға ты­ры­са­ды. Мұн­дай жақсылық жа­сауды өмір­ле­рі­нің түп мақ­са­ты ет­кен адал жандар­дан құ­рал­ған қо­ғам – жер бе­тін­де­гі ең ба­қыт­ты қоғам.

4) Ақы­рет­ке де­ген се­нім – бұл дү­ниеде за­лым­дар­дың зұ­лым­ды­ғы­на ұшы­рап, адам бей­не­сін­де­гі жырт­қыш­тар­дың қан­ды ау­зын­да ақы­сы кет­кен әл­сіз жан­дар үшін үл­кен жұ­ба­ныш. Бұл се­нім­ге ие әр­бір жан ер­тең есеп кү­ні Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның ал­дын­да осы дү­ниеде за­лым­дар­ға қол­ды бол­ған ақы­сын, мүд­де­сін қай­та­рып ала­ты­ны­на кәміл сен­ген­дік­тен, өз-өзін жеп, уай­ым-қай­ғы­ға са­лы­нып, іш­кі дү­ниесін ыза­ға, кек­ке, дұш­пан­дық­қа бу­лық­тыр­май­ды. Ке­рі­сін­ше, са­быр сақ­тап, «ер­тең-ақ за­лым­дар Алланың ал­дын­да са­зай­ын тар­та­ды» деп, бой­ын­да­ғы иман­ның си­қыр­лы кү­ші­нің ар­қа­сын­да еш­те­ңе бол­ма­ған­дай өмір­дің нұр­лы жо­лын­да ба­ғы­тын өз­гер­тіп, қа­да­мын бә­сең­дет­пес­тен жү­ре бе­ре­ді.

5) Жа­зыл­май­тын ауру­лар­ға, сал сияқ­ты дерт­тер­ге шал­ды­ғып, әр түр­лі себептермен мү­ге­дектікке тап болған жан­дар­ға жұбаныш бо­ла­тын жал­ғыз нәр­се – осы ақы­рет­ке де­ген се­нім. Ұлы Жа­ра­ту­шы­ла­ры­нан кел­ген қиын сы­нақ­қа сабыр етіп, сү­рін­бей өт­кен жағ­дай­да мәң­гі­лік ғұ­мыр­да ба­қыт­ты бо­ла­тын­да­рын ой­лап, жан­да­ры жай тауып, бойла­ры­на ерек­ше күш кі­ріп, жа­ра­лы жү­рек­те­рі­не үміт қа­на­ты бітеді.

6) Ақ жау­лық­ты ана мен ас­қар тау­дай әке­нің, еш­кім ор­нын тол­ты­ра ал­май­тын бауыр­дың жә­не бас­қа да сүйік­ті адам­дар­дың бұл дү­ниеден қай­туы кез кел­ген адам­ның, әсі­ре­се, жас бүл­дір­шін­дер­дің нә­зік жү­ре­гін­де олар­ға де­ген үл­кен са­ғы­ныш са­зын қал­ды­ра­ды. Иә, өмір­де­гі ті­ре­гің­нен, қыс­қа айт­қан­да, соқ­қан жү­ре­гің­нен, қи­мас ада­мың­нан ай­ыры­лу – адам­ның нә­зік бол­мы­сы­на ауыр соқ­қы, жү­ре­гі­не үл­кен ай­ық­пас жа­ра. Мұн­дай ауыр соқ­қы­ның, ай­ық­пас жа­ра­ның ор­нын тек қа­на сол сүйік­ті адам­да­рың­мен қай­та қауышу­ға, ақы­рет­ке, қай­та ті­рі­лу­ге де­ген иман ға­на тол­ты­ра­ды. Ақы­рет­те бұл дү­ниеден өт­кен сүйік­ті адам­да­ры­мен қай­та та­бы­сып, қай­та қауыша­ты­ны­на илан­ған кез кел­ген адам­ның жү­ре­гі ор­ны­на тү­сіп, сол­ған гү­лі қай­та ті­рі­ле­ді. Има­ны кә­міл жан­дар бұл дү­ниеде­гі қи­ма­сы­ның қайт­қа­нын ес­ті­ген сәт­те «Кү­мән­сіз, біз Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дан кел­дік, әрі Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ға қай­та қай­та­мыз» ма­ғы­на­сын­да­ғы аят­ты көкейін­де түйіп, Құ­ран­да мақ­тал­ған «са­быр» нә­рін жү­ре­гі­не қо­рек етіп, қи­ма­сы­на де­ген ыс­тық се­зі­мі мен са­ғы­ны­шын ер­тең­гі ақы­рет кү­нін­де­гі қауышу­ға, мәң­гі­лік өмір­ге ама­нат­тай­ды. Қыс­қа­сы, өлім ха­ба­рын ес­ті­ген сәтте иман­нан нә­сі­бін ала ал­ма­ған жан­дар не іс­те­рін біл­мей аб­ды­рап қа­лған сәтте иман­ды адам әр­қа­шан са­быр сақ­тап, бай­сал­ды­лық та­ны­та­ды.

0 пікір