Тосын естілген дұға
Тосын естілген дұға
8 жыл бұрын 3720

Риуаяттарда былай делінген: хазірет Омар (радиаллаһу анһу) әлдебір кісінің: «Уа, раббым, мені азшылықтың қатарынан ете гөр!» деген дұға етіп отырғанын көріп: «Бұл дұғаң қалай өзі?» деп таңданысын білдіреді. Сонда әлгі кісі былай деп жауап берген екен: «Естуімше, Алла «Құлдарымның арасында шүкір ететіндер өте аз  деуде (Сәба сүресі, 13). Осы себепті мені де сол аз құлдардың қатарынан етуін тілеудемін». Бұны естіген хазірет Омар (радиаллаһу анһу): «Әйтеуір Омардан гөрі басқалар көп біледі» деген екен[1].

[1] Елмалылы Хамди Языр, Хак дини Куран дили, 6/357. 

0 пікір