Ибни Омар бізге мынаны айтуда: «Расулалланың (алайһис салату уә сәлләм) жанында болған бір кезімде Әбу Бәкір де сонда еді. Үстіне шапан киіпті. Шапанның жыртықтары мен жамаулары көрініп тұрды. Осы күйде тұрғанында Жәбірейіл келіп «Уа, Алланың елшісі, Әбу Бәкірге не болды, шапаны ескіріп кетіпті әрі жамау-жамау» деді. Расулалла (алайһис салату уә сәлләм) жауап ретінде былай деді: «Ол Меккені азат еткенге дейін (фатх) бүкіл дүниесін маған жұмсады». Жәбірейіл: «Алла саған Әбу Бәкірге сәлем айт та сұра осы кедейлігіне разы ма әлде ашулы я мұңаюлы ма?» деді. Хазірет Әбу Бәкірдің жауабы: «Мен Раббыма ашуланбақпын ба? Мен Раббыма разымын. Мен Раббыма разымын. Мен Раббыма разымын». Осыны естігенде Расулалла (алайһис салату уә сәлләм) былай деді: «Алла саған былай деуде: «Маған разы болғаныңдай Мен де саған разымын». Бұны естігенде Әбу Бәкір еңкілдеп жылап жіберді».
Өзекті мақалалар
■
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.АҒ.С.) ЖҰБАЙЛАРЫНА ҚОЛ КӨТЕРГЕН ЕМЕС!
■
Руми: Аюдың достығы
■
Доктор Рой Касагранда: «Ислам өркениеті Батыс цивилизациясын қалай құтқарды?»
■
ШҮКІРСІЗ НЫҒМЕТ: Уақыт!
■
«Баланы туғаннан бастап бес жасқа дейін дамытпаса, кеш болады»: Д.Хекман, баланы ерте дамытудың қоғамға пайдасы жайында