Кішіпейілділіктің көрінісі
Кішіпейілділіктің көрінісі
9 жыл бұрын 3181

Мәулана Руми бір көпшілік отырған жерге бара қалса болды, ол жердегілер түгелімен орындарынан тұрып құрмет көрсететін. Хазірет бұдан қатты ыңғайсызданатын. Әфлақидың жазуынша, Мәулана бір күні моншаға барды. Хазірет жуынатын жерге қалай тез кірсе, солай тез атып шықты. Дереу киімдерін киіп кетуге ыңғайлана бастады. Достары «Неге кеткенше асықтыңыз?» - дегенінде: «Монша қызметкері мен кірісімен хауыздағы судың жиегінде отырған бір адамды орнынан тұрғызып ары жіберді де менің сол жерге барып отыруыма жағдай жасады. Маған бола мазасызданған әлгі кісіні ойлап одан қатты қысылдым әрі бұған іштей ренжідім» - деді.

 

0 пікір