Иса пайғамбар және дүние
Иса пайғамбар және дүние
8 жыл бұрын 7261

Жаратушы ие Иса пайғамбарды кедейлерге үлгі ретінде жіберген. Өйткені, Иса алайһиссаламның дүниелік еш нәрсесі жоқ еді. Кедейлігін алға тартып Аллаға құлшылық жасағысы келмейтіндер Иса пайғамбардың өмірінен ғибрат алғаны жөн.

Иса алайһиссалам бір күні бір кісінің сақалын саусағымен салалап, тарап отырғанын көрді. Іле сол уақытқа дейін өзімен алып жүретін тарағын сол кісіге берді де, өзі ендігәрі тарақ ұстамады.

Тағы бір күні бір кісінің алақанымен су ішкенін көріп, «Апыр-ай, менен де өткен кедейлер бар екен-ау» деп, үнемі өзімен алып жүретін кесесін сол кісіге беріп, өзі алақанымен су ішетін болды.

Тағы бір жолы бір үлкендеу тасты жастанып ұйықтамақ болған еді, лағынет атқыр шайтан келіп: – Уа, Иса! Байқаймын, жаныңа жайлылық қалайды екенсің, – деді. Бұны естігенде, Иса алайһиссалам басына жастанған әлгі тасты да алып тастап, сөйтіп ұйықтады...

0 пікір