Артық ақшаң болса, ол да сынақ
Артық ақшаң болса, ол да сынақ
8 жыл бұрын 4466

Мұхаммед ибн Кағыб әңгімелеуде:

«Зейнеп бинти Жахш анамыздың үлесі он екі мың дирхам еді. Түскен табыстан бір-ақ рет үлес алды. Соның өзінде ақшаны қолына ұстап тұрып: «Раббым, осыншама ақшаны маған қайта нәсіп етпе. Өйткені бұның өзі мен үшін үлкен сынақ», – деді. Келген ақшалардың барлығын жақындары мен мұқтаждарға таратты. Омарға (р.а.) Зейнеп анамыздың бұл жомарттығын айтқанымызда: «Зейнептен тек осыны күтуге болады», – деді де, «Бүкіл ақшаларды таратып жіберді деп естідім. Тағы мың дирхам жіберіп отырмын. Бірақ бұл ақшаны өзіңе жарат», – деп сәлем жолдайды. Зейнеп анамыз ол ақшаны да таратып жіберді».

0 пікір