Ақылды мен ақымақ
Ақылды мен ақымақ
8 жыл бұрын 9368

Жәбірейіл періште бірде Адам атаға ақыл, ұят және иманды әкеліп былай деді:

- Уа, Адам! Алла Тағала саған сәлемін айтты. Мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.

Адам (алейһиссалам) бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды таңдады.

Бұны көргенде Жәбірейіл періште иман мен ұятқа қарап:

- Сендер бара берсеңдер болады, - дейді.

Сонда Иман оған:

- Алла Тағала маған: Ақыл қайда болса, сен де сонда, жанында бол, - деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан ажырамаймын, - дейді. 

Ұят та:

- Алла Тағала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақыл тұрған жерден табыламын, – дейді. 

Иә, ақылды адамның бойынан  ұят та, иман да табылады. Ал ақымақта ұят та, иман да болмайды.

0 пікір