Алла қалай есепке тартады?
Алла қалай есепке тартады?
7 жыл бұрын 5322

Бір кісі хазірет Әлиге (р.а.) келіп: «Уа, Әли, Алла тағала осынша адамды қалай бір мезетте жауапқа тартады?» - деп сұрапты. Сонда хазірет Әли (р.а.): «Қалай бәрін бір мезгілде ризықтандырған болса, дәл солай», - деп жауап қатыпты.

 

Ғалым мен жолаушы 

Ғалымдардың бірі бақшасында жұмыс істеп жатқанда, өтіп бара жатқан бір кісі: «Пәлен деген ауылға қанша сағатта баруға болады?» - деп сұрапты. Ғалым оған жауап қатпайды. Әлгі кісі сұрағын үш рет қайталаса да жауап болмаған соң, ары қарай жүріп кетіпті. Біраз жер жүргені сол екен, ғалым кісі артынан дауыстап өзіне шақырыпты. Ол кісі келгенде ғалым: «Сен ол ауылға тура үш сағатта барасың» дейді. Жолаушы бұған ашуланыңқырап: «Осыны сұрағанда бірден айтсаңыз болмас па еді?» дейді. Сонда ғалым: «Дұрыс қой, бірақ маған сенің қалай жүретініңді көруім керек болды. Асықпай жүресің бе, шапшаң адымдайсың ба, қайдан білем» деген екен.

0 пікір