«Әй, құлым!»
«Әй, құлым!»
9 жыл бұрын 3484

Имам Ғазали әңгімелеуде:

«Мен хазірет Исаның Інжілінен оқыдым. Ол былай дейді: «Өлген кісі табытқа салынып, қабірге жеткенге дейін одан қырық сұрақ сұралады. Бұларды өз ұлылығымен Алла сұрайды. Бірінші сұрақта былай дейді: «Әй, құлым! Көп жылдан бері халық көретін бет-пішініңді таза ұстап, дұрыстаумен болдың. Бірақ мен назар салатын орынды бір рет те тазалауды білмедің».

Анығында Алла сәт сайын сенің жүрегіңе назар салып, былай деуде:

«Әй, құлым! Менің нығметтеріме белшеден бөленген жағдайдасың. Бірақ солай бола тұра өзгелер үшін тыраштанып келесің. Мен назар салатын жүрегіңді (ішкі және сыртқы тәрбиеңді) дұрыстауға тырыспай, тек жұрт көретін сырт пішініңді ғана дұрыстап әлексің». 

0 пікір