Адам өзін таныса, Құдайды да танымақ
Адам өзін таныса, Құдайды да танымақ
7 жыл бұрын 4531
Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

Ей, достар! Адам өзін-өзі таныса, жаратқан Алласын да біледі. Алланың әміріне де мойынсұнады. Сол себептен Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан: ...пенде өзін анық білсе, Алла тағаланы да анық білер“, - деген. Және Ғайса ғалиассалам айтқан: “...біреудің көзіндегі шөпті алмақ болсаң, әуелі өз көзіңдегі ағашты алып таста”, - деп. Мұның мағынасы: өз мініңді тазартсаң, кісінің мінін айтып ұқтыруға, кісіні түзетуге сонда жарарсың дегені.

Енді адам өзін-өзі білмекке, әуелі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа керек! Онан соң басыма пайда не іс қылып жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін. Біреуге, яки өзіме зиян қылғаннан саумын ба деп ойлау керек! Өйтіп өзін-өзі тексермей жүре берген адам жайылған мал, аңнан да төмен болды. Аятта: “ол ақымақтар төрт аяқты хайуан сықылды бәлкім онан да жаман, олар түк білмейтұғын меңіреулер”, - деген.

Бұлардың хайуаннан төмен болатұғыны хайуандар білімсіз болса да көбінің зияны өзгеге тимейді. Адамның зиянкестерінің зияны бірталай халыққа тиіп, ел бүлдіреді. Енді байқадыңыз ба, адам өзін-өзі танымақ деген жаратқан иесінің құлы екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып, адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ.

1 пікір