Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсу өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет- ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсу өлеңдері құрылысына қарай 7, 8,11 буынды болып келеді.
|
Сыңсу деген қандай салт?
|
Өзекті мақалалар
■
РУМИ: «Бояуға түскен шибөрінің өзін тауыс құсына теңеуі»
■
Ы. Алтынсарин: «Әлім кісіден дінге енді келген адам сұрапты...»
■
Абай: «Сократтың шәкіртімен Жаратушы жайында ой толғауы»
■
Ибн Туфайл — энциклопедист ғалым. Батыс оны «Abubacer» деген атпен таниды.
■
Ислам өркениетіндегі медреселер: түрлері, ерекшеліктері және ғылыми деңгейі