Ұрланған затты сатып алуға бола ма?
|
Ұрланған затты сатып алуға бола ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы, фиқһ ғылымында «харам - екі борыштарлыққа өтпейді» дейтін қағида бар[1]. Ханафи ғалымдары аталмыш қағиданы түсіндіру барысында мына нәрсені ескертіп өтеді: «Бұл қағида - ақшаның харам жолмен келгенін білмейтін кісіге қатысты. Ал, мысалы, кімде-кім, салық жинаушының жиналған салықтан жымқырып беріп отырғанын білген болса, одан алуы – харам...»[2].
Демек, ұрланған затты біле тұра сатып алу – харам. Ал, ол заттың ұрланғандығынан бейхабар жанға кешірім бар. Ең дұрысы - Аллаға аян!
[1] Аталмыш қағиданың арапшасы мынадай: الحرام لا يتعدى الذمتين
[2] Ибн Ғабидин - Раддул Мухтар: Китабул Хазр уәл Ибәха, бәбул Истибра... 9/553 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Гипнозбен емдеу әдісі (гипнотерапия) халал ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?