«Әсия» сөзі «қарсы келуші» дегенді білдіреді екен. «Әсия» есімін қоюға бола ма?
«Әсия» сөзі «қарсы келуші» дегенді білдіреді екен. «Әсия» есімін қоюға бола ма?
8 жыл бұрын 35606

Әссәләмуғалейкум! Қызға Әсия есімін қоюға бола ма? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір «Әсия» деген есімді өзгерткені белгілі. Себебі, «қарсы келуші» дегенді білдіреді делінген. Бірақ, Перғауынның иман келтірген әйелінің есімі Әсия. Ол – жәннәтқа кіретін 4 ханшайымның бірі. Перғауынның әйеліне ұқсатып, «Әсия» деп қоюға бола ма? Жалпы алғанда, «Әсия» сөзінің "қарсы келуші" дегеннен басқа да мағыналары бар ма? Шынар

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә баракатуһ!

Құрметті Шынар, «Әсия» есімінің арапшадағы нұсқасы «آسِيَة» болып келеді. Оның мағынасы парсы тілінде «диірмен тасы» дегенді білдірсе, араб тілінде «мұңды қыз», «тіреу», «сүйеніш» (емші әйел) деген мағыналарға саяды. Ол есімнің «грек» тілінен шыққандығын тілге тиек ететіндер де бар[1].

Ал, сіз айтып отырған «қарсы келуші» деген ұғымға саятын арапшадағы «عَاصِيَةٌ-Ъасия» сөзінің «Әсия» есіміне қатысы жоқ. Сондықтан да, аталмыш есімді қоюдың ешқандай ағаттығы жоқ.


[1] http://www.almaany.com/

Абдусамат Қасым