Ұрланған затты сатып алуға бола ма?
Ұрланған затты сатып алуға бола ма?
9 жыл бұрын 9561

Ұрланған затты сатып алуға бола ма?

Құрметті сауал жолдаушы, фиқһ ғылымында «харам - екі борыштарлыққа өтпейді» дейтін қағида бар[1]. Ханафи ғалымдары аталмыш қағиданы түсіндіру барысында мына нәрсені ескертіп өтеді: «Бұл қағида - ақшаның харам жолмен келгенін білмейтін кісіге қатысты. Ал, мысалы, кімде-кім, салық жинаушының жиналған салықтан жымқырып беріп отырғанын білген болса, одан алуы – харам...»[2]

Демек, ұрланған затты біле тұра сатып алу – харам. Ал, ол заттың ұрланғандығынан бейхабар жанға кешірім бар. Ең дұрысы - Аллаға аян! 


[1] Аталмыш қағиданың арапшасы мынадай: الحرام لا يتعدى الذمتين
[2] Ибн Ғабидин - Раддул Мухтар: Китабул Хазр уәл Ибәха, бәбул Истибра... 9/553 бет.

Абдусамат Қасым