Құс фабрикасында құстарды механикалық жолмен союға шариғат рұқсат бере ме?
Құс фабрикасында құстарды механикалық жолмен союға шариғат рұқсат бере ме?
4 ай бұрын 1985

Әссәламу'әләйкум. Сұрағым. Тауық фирмасында 1000 тауыпты соярда адал болуы үшін оның бисмилясы қалай айтылады немесе басқа қандай жолы бар? Рахмет.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Бүгінде бірталай дін ғалымдары құс фабрикаларындағы жүздеген құстарды бірдестен механикалық жолмен сою тәсілін қолдануды рұқсат санап отыр. Бастысы - механикалық сою құралын іске қосатын мұсылман бір рет «бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп айтып қосуы шарт, және де, мұны құралды әр өшіріп, қосқанда немесе әр құс легінде (поток) айтып отыру керек. Мысалы, бірдегенде 100 тауық легі сойылса, құралды қосатын кісі бір рет «бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп қосады. Артынан келесі құс легін соярда қайтадан «бисмилләны» айтады. Бұл жағдайды кейбір дін ғалымдары аңшының бір топ құсқа бір рет «бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп оқ атып, бір оқпен бірнешеуін құлатқанына ұқсатады. Бір рет бисмиллә айтып, бір оқпен бірнеше құсты атып алу адал болса, бұл да адал болуы тиіс деп есепетейді.

Осы тұрғыда, механикалық жолмен союды дұрыс көрмейтін дін мамандары да барын айта кету керек, олар әрбір құсты соярда жеке «бисмиллә» айтылуын шарт деп есептейтіндіктен, механикалық тәсілді емес, «қолмен сою әдісін» артық көреді және мұсылман елдерінде осы талапты (қолмен сою) ұстанатын құс фабрикалары да кездеседі.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым