Қарыз берген адамды таба алмасам не істеймін?
Қарыз берген адамды таба алмасам не істеймін?
11 жыл бұрын 7078

Ассаламу алейкум! 
Мен біршама адамнан қарыз алған едім кезінде. Солардың кейбірін табуға мүмкіндігім бар. Бірақ кейбірін мүлдем білмеймін қай жерде жүргендерін. Олардан алған қарыз ақшамды қалай өтесем екен? Не істеуге болады? Мейрімхан

Уағалейкумсалам уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ! Қадірлі Мейрімхан, әлдекім алған қарызын шамасы жеткеннен кейін өтеуі міндет. Бұл ардақты Пайғамбарымыздың бұйрығы. Ол өзінің бір хадисінде: «жағдайы бола тұра алған қарызын созып жүре беруі – зұлымдық», - деген[1]. Тағы бір хадисте: «Кісі қарызын өтемейінше жәннатқа кірмейді», - делінген.[2]

Сондықтан, қарыз алған кісілерді қолдан келгенше іздеп, табуға тырысуыңыз керек. Егер иесінің табылуы неғайбыл болса, кедей ол затты өзінің пайдасына жаратады, ал бай табылмаған ақша иесінің атынан кедей-кепшікке садақа ретінде таратады. 

Күндердің күнінде, егесі табылып жатса, сіз оған мән-жайды түсіндіруіңіз керек. Егер ол садақа етіп берілген ақшасына разы болса, сіздің мойныңыздан қарызы түседі. Ал, егер разы болмай, ақшасын талап етсе, оған ақшасын қайтарып беруіңіз керек. Садақаның сауабы сізге болады[3].

[1] Әбу Дәуід: Бәбу фи матл – 3345.
[2] Әл-Мүстәдрак: Китәбул Буюъ – (900)2259.
[3] Тауып алған ақша жайында білгіңіз келcе, мына сілтемеге кіріңіз: http://islam.kz/kk/questions/arturli/kosheden-tauyp-algan-aqshany-ne-isteu-kerek-78/  

Абдусамат Қасым