Кредитке алып берген ноутбукты пайдалануыма бола ма?
Кредитке алып берген ноутбукты пайдалануыма бола ма?
4 жыл бұрын 3640

Ассаламуғалейкум! Менің ата-анам маған кредитке (рассрочка) ноутбук алып берді. Кредит алу харам болса, ол ноутбук та маған харам бола ма? Және онымен жобалар жасап, ақша тапсам да харам бола ма? 

Уағалейкумуссәләм!

Құрметті сауал жолдаушы, ата-анаңыз кредитке алып берген ноутбукты пайдаланудың сізге күнәсі жоқ. Өйткені «кредиттің күнәсі кредит алушыға болып, оның күнәсі затқа өтпейді» дейтін дін мамандары бар. Яғни, затты кредитке алу іс-әрекеті - күнә, бірақ заттың өзі халал зат, сондықтан оны пайдаланудың күнәсі жоқ деген сөз. (Алайда, ұрлықы заттың не біреуден тартып алынған заттың үкімі басқа).

Мына нәрсені мәлімет ретінде айта кетелік: Исламда бөліп төлеуге, яғни, "рассрочкаға" зат алудың және сатудың күнәсі жоқ, егер келісім тіке сатушы тараппен жүзеге асып, араға банк араласпаса. Ал, қазіргі таңдағыдай араға банк араласар болса, өсім туындайтындықтан дін ғалымдарымыз ондай сауда түрін харам санаған. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!     

Абдусамат Қасым