Кредит алған адамға кредитін жабу үшін қарыз беруге бола ма? Күнәсіна ортақтасқан болып қалмаймын ба?
Кредит алған адамға кредитін жабу үшін қарыз беруге бола ма? Күнәсіна ортақтасқан болып қалмаймын ба?
9 ай бұрын 4289

Ассаламу алайкум! Кредит, несие алған адамға кредитін төлеу үшін қарыз беруге бола ма? Күнәсіна ортақтасқан болып қалмаймыз ба? Бағдаулет.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Егер, несие алған адам, несиені мәжбүр болғандықтан алған болса, әрі енді несиеге жоламауға бекінсе, кредитін жабу үшін қарыз беруге немесе қайтарымсыз ақшалай көмек беріп, оны ондай тығырықтан шығуына жәрдем етуге болады.

Осы тұрғыда мынадай сауал туындауы мүмкін: Кейде туған-туыс, дос-жарандар арасында мәжбүр болмаса да кредит алып, кейін төлей алмай жататындар бар. Тіпті кредит алуды әдетке айналдырып алғандар да кездесуі мүмкін. Оларға қол ұшын беріп, кредитін жабуға көмектесуге бола ма?

Ондай кісілерге алдымен кредиттің харам екендігін, кредит алудың күнә іс екендігін түсіндірген жақсы. Егер, кредиттің күнә екендігін түсініп, күнәсіна Аллаға тәубе етсе, осылайша ендігәрі кредит алмауға бекінсе, ондай күнә батпағынан шығуына жәрдем етудің айыбы жоқ. Кісі шын тәубе еткен болса, ол мәселеде жәрдем беру – күнәсіна ортақтасқан болып саналмайды. Аллаһу аъләм.

Абдусамат Қасым