Дінде алтын саудасымен айналысуға бола ма?
Дінде алтын саудасымен айналысуға бола ма?
1 жыл бұрын 2516

Сәлеметсіз бе! Алтын сату бизнесін қолға алсам деп едім. Бірақ естуімше, бұл харам дейді? Дін алтын сатуға қандай көзқараста?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә!

Ислам дінінде алтын сатуға рұқсат, дініміз алтын саудасына дұрыс көзқараста. Алайда алтынды және алтын әшекей бұйымдарды қарызға сатпауға немесе бөліп төлеуге сатпауға мән берген жөн. Себебі, алтынды қарызға сатқан жағдайда ортада өсім туындайды, сондықтан да, Ислам ғұламаларының көпшілігі қарызға сатуды харам деген. Алтын нақты ақшаға сатылады. Төлем картасымен немесе аудармамен (перевод) сатуға болады, бастысы сол мезетте төленген болуы тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөзінде: ««Бірақ түрлері бөлек болғандарды қолма-қол болу шартымен, қалай сатсаңдар да бола береді» деп бұйырған1. Мұндағы «қолма-қол болу шартымен...» деген сөзі - алтын, күмістерді және түрлі валюталарды қарызға сатуға немесе бөліп төлеуге сатуға болмайды дегенді білдіреді, ал "қалай сатсаңдар да..." дегені - екеуі екі бөлек валютаны бір-бірімен айырбас жасарда бірін екіншісінен қымбат сатуға болады дегенді білдірмек. Ең дұрысы - Алллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Имам Мүслім: «Сахих Мүслім». №1587 хадис.

Абдусамат Қасым