Баланың еміне қаражат жинау мақсатында ойнатылатын "Қайырымдылық лотореясын" ойнауға бола ма?
Баланың еміне қаражат жинау мақсатында ойнатылатын "Қайырымдылық лотореясын" ойнауға бола ма?
6 жыл бұрын 3740

Әссәләәму ъәләйкум! Баланың еміне қаражат жинау мақсатында ұтыс ойнатып жатыр екен. Соған қатысуға бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһ уә бәракәтуһ!

Қайырымдылық лотореясы сияқты ақша тігіп ойнатылатын ұтыс ойындар - дінімізде құмар ойындары санатына жататындықтан, түпкі мақсаты не болса да, шариғатта харам болып саналады десек қателеспеспіз.

Мұқтаж жанға қол ұшын беріп, оған ақшалай көмек берудің сауапты іс екендігінде дау жоқ. Бірақ, сауапты іске – харам жолмен барылмайды. Дінімізде "мақсат - амалдарды ақтайды" деген қағида жоқ. Исламда мақсат та, оған жетелер амал-тәсілдер де адал болуы шарт. «Алла тағала - жақсы. Ол тек жақсыны қабыл етеді» делінген хадисте. Яғни, харам жолмен жақсылық істелген болса, Алла Тағала ол амалды қабыл етпей, оған сауап жазбайды деген сөз.

Сондықтан да, сырқат балаға қол ұшын бергіңіз келсе, ұтыс ойынға қатыспастан, сол ақшаны тікелей есепшотына аударғаныңыз дұрыс.

Осы тұрғыда ұтыс ойынның орнына «қайырымдылық жәрменкесі» іспетті дінге терістігі жоқ қайырымдылық шаралар өткізуге болады.  

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым