Құдай тамаққа қойды кредитке алса, қабыл бола ма?
Құдай тамаққа қойды кредитке алса, қабыл бола ма?
1 жыл бұрын 3021

 Құдай тамаққа қойды кредитке алса, қабыл бола ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Пайызға кредит алу дінімізде күнә іс, тек өмір мен өлім мәселесі дейтіндей аса зәру жағдайда ғана рұқсат. Пайызға қарыз беруші де, пайызға қарыз алушы да, күнә арқалаған болады. Дінімізде қарыз пайызсыз берілу керек. Сондықтан да, ақшасы жоқ кісіге құдайы мал сою міндеттелмейді. Сонда да қарыз алып соям дейтін кісі, пайызсыз қарыз алып сойсын. Пайызсыз қарызға ақша табылмаса, ол үшін кредит алуы жөн емес. «Құдай тамақ» дегеніміз не? Құдай тамақ дегеніміз, түрлі себептермен Жаратушыға арнап мал сою деген ұғымда. Құдай тамақ берген кісі, Құдайға арнап құрбан шалған болады. Ал Құдай Тағала адал ақшамен жасалған құрбанды ғана қабыл етеді. Демек, Құдай тамақты адал ақшаға жасау керек. Кредитке алған ақша - өсімге алынатындықтан, ол адал ақша санатына жатпайды. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!