Ит немесе қасқыр шапқан малдың еті адал ма, сойып алса?
Ит немесе қасқыр шапқан малдың еті адал ма, сойып алса?
3 ай бұрын 6597

Әссәләму ъәләйкум уә рохмәтуллаһи уә бәрокәтуһ! Ұстаз егерде бір лақ, не қозыны ит шауып бауыздап кетсе, ол аңға үйретілмеген ит бауыздаған мал харам болады ғой ия Ұстаз?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ит немесе қасқыр шапқан малды жаңы шықпай жатып бауыздап үлгерсе, еті адал, ал бауыздамай тұрып өліп қалса, еті адал емес. Бұған қатысты Ханафи ғалымдары кітаптарында мынадай үкім баян еткен:

«Төбеден құлаған мал, сүзісіп өлген мал, ағашпен ұрылған мал және қасқыр қарнын тартып кеткен мал, егер, шала-жансар болып жатса немесе тірі жатса, бауыздалған жағдайда еттері адал»1.


1Дамад Эфенди Абдуррахман Шейхизаде: «Мәжмәъуль-Әнһур». Китабус-Сойд. 4\266 бет.

Абдусамат Қасым