Кәпір адам ортақтасқан құрбандықтың үкімі қалай болады?
Мұсылман емес адам ортақтасып шалынған құрбанның үкімі қандай?
|
Құрметті сауал жолдаушы! Сиыр малы мен түйені жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады. Бірақ, жетеуі де мұсылман болулары керек, әрі жетеуінің де ниеті Аллаға жақындау, сауап алу болуы тиіс. Егер де, жетеудің бірінің ниеті құр ғана ет алу болса немесе арасындағы біреуі христиан болса немесе құдайға сенбейтін, Исламды хақ деп білмес кәпір болса, онда қалғандарының да ниеттері саналмайды. Шалған сиырлары «құрбандық» ретінде есептелмейді.
Бұған қатысты «әл-Һидая» атты фиқһ кітабында былай делінген:
«Егер алтаудың ортағы (яғни, жетіншісі) христиан болса немесе (мұсылман болып, бірақ) ет алуды көздесе (ниеті ет алу болса), ешбірінікі дұрыс саналмайды»[1].
[1] Имам Мәрғинәни: «әл-Һидая» және оның шархы «әл-Биная». 12/49 бет.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?