Әссәләмуғалейкум! Малды құбылаға қаратып соймаудың үкімі қалай? Құбылаға қаратып соймаймын, шығысқа қаратып соямын деп жатыр екен.
|
Малды құбылаға қаратпай союдың үкімі қалай?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Малды соярда құбылаға қаратып жатқызу – бекітілген сүннет. Себепсіз құбылаға қаратпау мәкруһ болады1. Бірақ бисмилләны айтып бауыздаған жағдайда құбылаға қаратпаса да малдың еті адал. Алайда, өзін мұсылман санайтын кісі малды себепсіз құбылаға қаратып союдан бас тартпаса керек. Себепсіз әдейі Пайғамбардың айтқанының керісін жасау мұсылманға тән іс емес. Алла тауфиқ берсін!
1 Аләуддин Хаскәфи: «әд-Дуруль Мұхтәр». Китабуз зәбәих. 540 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»