Діни тұрғыда солақай адам мал бауыздай ала ма?
Діни тұрғыда солақай адам мал бауыздай ала ма?
7 ай бұрын 1984

Ассаламу алейкум! Қасапшы солақай болса еш әбестігі жоқ па?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ.

Діни тұрғыда малды сол қолмен бауыздаудың күнәсі жоқ. Егер солақай болып, сол қолмен бауыздау оң қолмен бауыздаудан ыңғайлырақ болса, сол қолмен бауыздайды. Ал оң қолмен де, сол қолмен де бауыздай алатын кісі, оң қолмен бауыздайды, өйткені, жақсы істерді оң қолмен істеу - сүннет. Оның үстіне мал бауыздайтын кезде құбылаға қарату сүннеттен болып, мұстахаб саналған. Ал ол әдептің жүзеге асуы үшін оң қолмен бауыздау керек болады1. Десе де, құбылаға қаратпай бауыздалған мал адал, сол себепті солақай кісі ыңғайына қарата жатқызып бауыздаса да рұқсат. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 


1Құбылаға қаратпай сою мәкруһ саналған, әйтсе де малдың етінің адалдығына зияны жоқ, бастысы «бисмиллә Аллаһу әкбар» деп сойған болуы тиіс. (Имам Сарахси: «Мәбсут», 12\3 бет).

Абдусамат Қасым