Әйелі діннен шығып, қайта мұсылман болса, неке жаңартыла ма?
Әйелі діннен шығып, қайта мұсылман болса, неке жаңартыла ма?
4 ай бұрын 1488

Әйелі діннен шығып, қайта мұсылман болса, неке жаңартыла ма?

 

Бисмилләһир рахманир рахим

Әйелі діннен шығып, мүртәд болса, некелері «фәсх» болып, неке бұзылады. Қайта тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған жағдайда, аз-маз мәһрге разы болып, күйеуімен некелерін қайта жаңартады, күйеуінен басқаға қосылмайды. Алайда күйеуі қайта некесіне алудан бас тартса, басқаға тұрмысқа шыға алады.1

Неке қалай жаңартылады? 

«Неке жаңарту» ісінде әйелі күйеуіне: «некемізді қию үшін сені өкіл тағайындадым» деп, өзінің атынан некені жаңартуға күйеуіне өкілеттілік берсе болады. Күйеуі әйелінің берген өкілдігі негізінде екі куәгердің алдында былай дейді: «Некемде болған әйелімді, оның маған берген өкілеттілігі негізінде өзіме некеледім» десе, некелері жаңартылған болады. Бастысы әйелінен өкілеттілік алған болуы керек. Әйелінен «неке жаңартуға» өкілдік алмай, күйеуі оның атынан неке жаңарта алмайды. 


1Кітаптарда мынадай да пәтуа кездеседі, бұл пәтуәні кезінде«Бәлх» өңірінің Ханафи ғалымдары шығарған екен, ол пәтуа бойынша, әйелдің мүртәд болуы некені бұзбайды, сондықтан да, әйелі мұсылман болған жағдайда қайта неке жаңартпай тұрмысын жалғастыра береді. (Абдуррахман әл-Жәузи: «әлФиқһ алял мәзәһибиль арбаъати». 4\199 бет.).

 

Абдусамат Қасым