«Тәубе намазы» қалай оқылады?
«Тәубе намазы» қалай оқылады?
5 ай бұрын 5623

Ассалаумағалейкум сұрайын дегенім, тәубе намазы қалай оқылады.?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мұсылман адамның күнә істеп қойған жағдайда тәубе намазын оқып, Алладан кешірім сұрауы міндет. Құранның бірнеше аятында: «Ей, иман келтіргендер! Аллаға шын ниетпен тәубе қылыңдар» деп бұйырады. Мысалы, зәру себепсіз намазын қаза етіп қойса, ғайбат айтып қойса, боқтап қойса т.б. Сол сияқты күнә істеп қойған мұсылман тәубе намазын оқып, Алладан кешірім тілегені жөн. Ол үшін толық дәрет алып, екі рәкәғат намаз оқиды да артынан Аллаға жетпіс рет истиғфар айтып, күнәсі үшін кешірім тілейді және күнәсінің ауырлығына қарай қосымша садақа бергені де дұрыс. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Су өтты сөндіргендей, садақа да қателіктерді өшіреді» деген1.

Тәубе намазының оқылу түріне қатысты Әзіреті Әбу Бәкірден жеткен риуаятта былай делінген: «Әлдебір мұсылман бір күнә істеп қойса, кейін жақсылап дәретін алса және екі рәкәғат оқып, артынан Алладан кешірім тілесе, Алла оның күнәсін сөзсіз кешіреді»2. 


الصَّدَقَة تُطْفِئ الْخَطِيئَة، كَمَا يُطْفِئ المَاء النَّار"
ما مِن مُسلمٍ يُذنِبُ ذنبًا ثم يتوضَّأُ ويُحسِنُ الوضوءَ، ويُصلِّي ركعتينِ ويَستغفرُ اللهَ، إلَّا غفَرَ اللهُ له (Әбу Дәуід: «Сүнән»; Имам Тирмизи: «Сүнән»; Ибн Мәжә: «Сүнән» т.б).

Абдусамат Қасым