Әссәләмуғалейкум! Сұрақ қойсам деп едім. Бір адам аузды жауып қойса, бірақ «уақыт бар екен,» деп, қайта ашып, су ішіп жапса, не болды? Бақыт Бекболатов.
|
Сәресіде ниет етіп, ауыз бекітіп қойғаннан кейін қайта су ішуге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ауыз бекіту уақыты – ниет еткеннен кейін емес, таң намазының уақыты кірісімен басталады. Сол себепті, егер сәресі уақыты әлі шықпаған болса (яғни, таң намазы кіріп қоймаған болса), қайта су ішуіне болады. Оған алдын-ала жасаған ниеті бұзылмайды, оразасы дұрыс.
Ханафи кітаптарының бірінде мынадай сөз бар: «Егер, түннен ниет етіп, одан соң жеп-ішсе, ниеті бұзылмайды»[1].
Ал сәресі уақыты шығып қойған жағдайда, еш нәр татпауы керек.
[1] Әз-Зәбиди: әл-Жәуһәрә. 1/330 бет.