Ораза ұстап жүріп шақша атса, ораза бұзыла ма? Елжас.
|
Аузы берік кісіге насыбай атуға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Насыбай атудың үкімі – мәкруһ (харамға жақын). Сондықтан, оразада насыбай ату күнә болмақ. Оразаның сауабын кемітеді.
Одан бөлек, насыбайды атқан жағдайда бәрібір қалдықтары ішке кететіні белгілі. Әдейі аузына салғаны үшін, кішкене көлемде болса да ішке кетсе, оразаны бұзады.
Оразаны қазақ халқы «ауыз бекіту» деп атаған. Ендеше, ораза ұстаған адам насыбайдан да аузын берік ұстауы ләзім. Нәпсі қалауынан тыйылғанда ғана ұстаған оразамыздың мәні болмақ.
Осы тұрғыда, Пайғамбарымыздың мына бір хадисін естен шығармаған жөн: «Кімде-кім оразада жаман сөзден, жаман-надандық істерден тыйылмаса, Алла Тағала оның құр ішіп-жеуден тыйылуына мұқтаж емес»[1].
[1] «Сахих Бұхари». №1804 хадис.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?