Қаза оразаны бұзып қойсам да кәфәрат керек пе?
Қаза оразаны бұзып қойсам да кәфәрат керек пе?
10 жыл бұрын 8281

Ассаламуғалейкум! Әйел кісілер рамазан айында белгілі бір себептерге байланысты оразасын бұзатын жағдайлар болады. Сол қазаларды өтеу кезінде аузымды ашып қойсам, кәффаратын өтеуі керек пе, яғни екі ай үзбей ораза ұстай ма? Әсем.

Уағалейкумуссалам! Әсем ханым, Алла Тағала алпыс күн ораза ұстау жазасын  (кәфәрат) рамазан айындағы оразаны еш себепсіз, әдейі бұзған адамға сол айға деген құрметсіздігі үшін бекіткен[1]. 

Ал өзге айда ұсталған қандай да бір оразаны бұзған адамға кәффәрат өтеу қажет емес. Сондықтан, рамазанда ұстай алмаған қаза оразаңызды өтеп жатып бұзсаңыз, бұл жағдайда тек сол күнгі қаза оразаны қайта өтейсіз, оған кәфәрат керек емес.[2]

Ескере кету керек, бастаған қаза оразасын еш себепсіз бұза салу дұрыс емес.

[1] Мәйдани, Любаб – 1/167 бет.
[2] Мұхаммәд Ғашиқ, Тәсһилуд Зәрури ли Мәсаилиль Қудури – 1/144 бет. Карачи.

Абдусамат Қасым