Сұрайын дегенім, бір таныс қыз оразаны бүгін емес, ертеңнен бастағысы келіп жатыр. Енді оған ұстамаған бір күні үшін 60 күн кәфәрәт қазасын өтеу керек бола ма? Марфуға Шәпиян
|
Оразамды рамазанның екінші күнінен бастасам, кәфәрәт өтеуім керек пе?
|
Құрметті Марфуға, Кәфәрәт қазасын қажет етуі үшін мынадай талаптар қарастырылады:
1.Ораза ұстауы парыз болу;
2.Абайсызда емес, әдейі, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз оразасын бұзуы;
3.Сырқаттық сияқты зәру жағдайдың болмауы;
4.Ораза ұстауға түннен ниет етуі[1].
Енді сіздің сұрағыңызға келер болсақ, құрбыңыз ұстамаған бір күнін Рамазан айынан кейін тек қаза етіп өтейді, 60 күн кәфәрәт қазасы қажет етілмейді. Өйткені бірінші күні ораза ұстауға ниеті жоқ еді[2]. Алайда оразаны себепсіз уақытында бастамау күнә екендігін білген жөн. Рамазан айы кірісімен ауыз бекіту - әрбір балиғатқа жеткен, ақыл-есі дұрыс, мұсылман, дені-сау кісіге - парыз.
[1] Ибн Ғабидин: әл-Һәдия – 137 бет.; Хашияту ат-Тахтауи – 667 бет.
[2] Бадаиғ – 2/624 бет.