Оразада шаш қысқартуға және шаш бояуға бола ма?
Оразада шаш қысқартуға және шаш бояуға бола ма?
7 жыл бұрын 106756

1.Ораза кезінде шаш қысқартуға бола ма? Ғабит.

2. Ораза ұстап жүргенде шаш кесуге бола ма? Сұлушаш

3. Ораза ұстап жүргенде шаш бояса, оразам бұзыла ма? Маржан.

4. Ораза ұстағанда шаш қиюға бола ма? Әсет

Сәлеметсіз бе! Ораза айында және ауыз бекітулі күйде шаш кесуге, шашты қысқартуға және шаш бояуға болады. Оған ораза бұзылмайды. Аталмыш жәйіттар – оразаны бұзатын жағдайлар қатарынан емес. 

Қысқаша ораза мына жағдайларда бұзылады:

1.Табиғи жолдар арқылы әдейі немесе қателікпен ішке кеткен барлық зат оразаны бұзады. Табиғи жолдар: ауыз, мұрын, құлақ [құлақтан су кірсе бұзбайды], тік ішек, қынап.

2. Жыныстық қатынасқа түсу оразаны бұзады (ауыз ашқаннан кейінгі уақыттарда рұқсат).

3. Әдейі ауыз толтыра құсу оразаны бұзады.   

Абдусамат Қасым