Наркоз салынатын еді. Оразамды бұза ма?
Наркоз салынатын еді. Оразамды бұза ма?
9 жыл бұрын 9048

Әссәләмуғалейкум! Менің аяғыма операция жасайтын еді. Соған наркоз салады. Сол оразамды бұза ма? Нұржан.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Наркоз жіберудің ингаляциялық және ингаляциялық емес тәсілі бар (және күрделі-аралас).

1. Ингаляциялық тәсілі – арнайы препаратты тыныс жолдары арқылы жіберу. Ингаляциялық наркозда бу тәрізді күйге жылдам айналатын ұшкыш сұйықтарды (фторотан, наркозға арналган эфир), сондай-ақ газ тәрізді заттар (азоттың шала тотыгы, циклопропан) қолданылады. Ингаляциялық наркозға арналған заттармен тыныс алганда олар диффузия жолымен өкпеден қанга түседі[1].

2. Ингаляциялық емес тәсілі - дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу арқылы жүзеге асады..

Біріншісінде, табиғи жолдардың бірі саналатын ауыз-мұрын арқылы ішкі организмге белгілі наркоз түрі енетіндіктен оразаны бұзу қауіпі басым. Бір күн қазасын өтейсіз. 

Ал, екіншісінде (ине егу арқылы жасалатын наркоз), табиғи емес жолдармен организмге енетіндіктен ішке түсуі екі талай. Сондықтан да, наркоздың бұл түрінен ораза бұзылмайды. Ендеше, сіздің жағдайда ниет етіп бастаған сол күнгі оразаңыз есептеледі. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! (Табиғи жолдар: ауыз, мұрын, құлақ, тік ішек, қынап).

Абдусамат Қасым


[1] http://kazmedic.kz/