Сәлеметсіздер ме! Ораза ұстап жүргенде моншаға түсуге болады ма? Айдана
|
Ауыз берік кезде моншаға түсуге бола ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Монша буға шабыну арқылы жуынып-шайынатын жер болғандықтан, моншаға түсуді ауыз ашар уақытына қалдырған дұрыс. Неге десеңіз, моншадағы бу – су молекулаларынан құралады. Яғни, буда судың белгілі бір бөлшектері орын алған. Көп мөлшердегі буды жұту арқылы ішке белгілі дозада су бөлшектері енеді. Сол себепті, оразаңыз бұзылады деуге негіз бар.
Одан бөлек, душқа шомылуға немесе ванна қабылдауға болады. Тек, ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмау жағын ескеру керек. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»