Шілденің аяғында емтиханым бар. Мен үшін ол емтихан өте маңызды. Емтиханға дайындық жасайтындықтан мен ораза ұстай алмаймын деп ойлаймын. Өйткені ораза менің емтиханға шоғырлануыма кедергі болады. Яғни, ойдағыдай дайындық жасай алмаймын. Не істесем болады? Ділшәт А.
|
Емтиханым бар. Ораза ұстамасам бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим.
Қадірменді Ділшәт! Шариғатымыз кей жағдайларда Ораза ұстамауға рұқсат беретіні рас. Мысалы: Сапардағы адамға; Науқас кісіге; Ауыз бекітуге қауқары жоқ қарттарға[1]; Жүкті әйелдерге; Емізулі әйелдерге[2] т.б.
Бірақ емтихан дайындығын аталмыш жағдайларға жатқыза алмаймыз. Ойымды шоғырландыра алмаймын деп ойласаңыз сәресіден кейін салқын кеткенше немесе ауыз ашып болғаннан соң дайындық жасасаңыз болады.
Бас айналып, құлап қалатындай күйге түспесеңіз, аздап қиналатыңыз үшін Алланың бұйрығынан бет бұрғаныңыз жөн болмас. Біраз табандылық танытып, Құдай ризалығы үшін шыдамдылық көрсеткеніңіз дұрыс.
[1] Бақара сүресі – 184 аят.
[2] Ибн Мәжә – 1667
Көп оқылғандар
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ