Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
10 жыл бұрын 83386

Оразаның алғашқы ауыз бекіту күнінде ұйықтап қалыппын. Бірақ сол күні ауыз ашпастан ұстай беруге бола ма? Нұржан.

Рамазан айында ұйқыдан тұра алмай сәресі уақытын өткізіп алған адам еш нәр татпастан сол күнгі оразасына ниет етіп, оразасын ұстап кете береді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де еш нәр татпастан сол күнгі оразасын ұстайды. 

Осы орайда, лаж болса, сәресіні жібермеңіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) "сәресіде береке бар" деген. Сәресіде тәбетіңіз тартпай тұрса, тым болмағанда су ішкен жақсы. Осылайша, өзіңіздің денеңізді күні бойы керек еттіретін сұйықтықпен қамтамасыз еткен боласыз. Оның үстіне, сәресі - адамға рухани демеу.  

[1] Ашура - Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис 

Абдусамат Қасым