Қайырлы күн! Былтырғы Рамазаннан қалған қарыздарымды биылғы Рамазан басталмай тұрып өтеу міндет пе, әлде кейін де өтесем бола ма? Рахмет! Амина.
|
Былтырғы Рамазаннан қалған қарыздарымды ораза басталмай тұрып өтеу міндет пе?
|
Қайырлы күн!
Былтырғы оразадан қалған қазаларыңызды биылғы оразаға дейін өтеп тастау шарт емес, одан кейін де өтесеңіз саналады, дегенмен мүмкіндігіңізше келесі оразаға дейін қаза оразаларыңызды өтеп алғаныңыз абзал, өйткені қарыздар жинала-жинала өтелуі қиындап кетеді. Сондықтан да, жылдағысын жылда өтеп тұрған жақсы. Өтеп үлгермеген қаза оразаларыңызды Рамазаннан кейін өтесеңіз болады.
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?