Бүгін аузымды кеш бекіттім. Оразам не болды? Аузымды бір-екі минутқа кеш жаптым, оразам есептеле ме?
Бүгін аузымды кеш бекіттім. Оразам не болды? Аузымды бір-екі минутқа кеш жаптым, оразам есептеле ме?
6 жыл бұрын 51986

- Бір кісілердің сұрауы бойынша, таңертең сәресіге ұйықтап қалып қараса, беске он минут қалған екен, яғни таң атып кеткен кез. Бірақ, ол кісілер білмей сумен дәрі ішіп, оразаға ниет етіп ұстай беріпті. Бұл қалай болады екен? Ештеңе ішпей сол күні ниеттенетінінен хабарсыз болған.  

- Алла білмегенді кешіреді. Білместіктен жасалғандықтан, ИншаАлла кешірім бар деген үміттемін. Сондықтан да, ол күнді соңына дейін ұстап, Рамазан айынан кейін бір күн қазасын өтеп алғаны дұрыс. Білместік кей жағдайларда «кәффарат» өтемеуге себеп. Сондықтан да тек қаза керек. Аллаһу аълям.
Сәресіге ұйықтап қалған кісі еш нәр татпай, сол күнгі оразаға ниет етіп ұстап кете беруі тиіс. 

- Сұрағым: аузымды кесте бойынша, бір-екі минутқа кеш бекіттім. Оразам есептеле ме?

- Бір-екі минут кеш жапқанға ораза бұзылмас, иншаАлла. Оразаңыз есептеледі, қазасын өтеудің қажеті жоқ. Дегенмен, алдағы уақыттарда ұқыптылық танытып, бір-екі минут бұрын қамдана берген жөн болмақ.
«Бір-екі минутқа ораза бұзылмас» деуімнің себебі, Әбу Дәуідте келтірілген бір риуаятта Алла елшісінің былай дегендігі айтылады: «Сендерден кімде-кім азан шақырғанда қолында ыдысы болса (асы болса), ондағы астан керегін жемейінше жерге қоймасын»[1]. Яғни, сәресіні ішіп жатқан сәтте азан айтылса, ішіп жатқан асын аяқтай беруіне болады деген сөз. Сол арада бір-екі минут өтері анық. Әйтсе де, аталмыш хадисті «сәресі уақыты толық шықпаған сәтке қатысты» деп түсіндіреді хадисшілер. Өйткені, басқа риуаятта "таң намазы кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керектігі айтылған"[2]. Сондықтан да, келесіде ықтиятты болған дұрыс. Қағида бойынша, уақыт кірген бетте ішіп-жеуді тоқтату керек. 


[1] Әбу дәуід: Сүнән. Сахих хадис. 
[2] Имам Бәйһақи. Сүнән: «Таң уақыты – екі таңнан тұрады. Біріншісінде – ішіп-жеу халал, таң намазын оқу харам. Екіншісінде – ішіп-жеу харам, намаз оқу халал».

Абдусамат Қасым