Аузы берік әйел адам «мазок» тапсырса, оразасы бұзыла ма?
Аузы берік әйел адам «мазок» тапсырса, оразасы бұзыла ма?
8 ай бұрын 1753

Ораза ұстаған жанға (әйел адамға) гинекологқа қаралуға және (женский анализ мазок) тапсыруға бола ма? Ол оразаны бұзбай ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, әйел кісілердің қынабынан мазок аларда белгілі медициналық құрал (зонд т.б.) енгізіледі, және де, біз оқып, білген мәліметтерге қарағанда қынаптың ішінде қалып кететін әлдебір зат да жағылмайтын көрінеді (жағылса, бұзылу қауіпі бар). Сондықтан, қынаптың ішінде қалып кететіндей бір зат жағылмайтындықтан, анализге мазок тапсыру оразаны бұзбайды. Сондай-ақ, мазок алу үшін енгізілетін арнайы медициналық құралдың бір ұшы сыртта тұратындықтан (толық еніп, іште қалып кетпейтіндіктен) оразаға зияны жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым