Ораза ұстай алмайтын қарт кісілер ұстамаған оразасы үшін пидияны қалай есептеп береді?
Ораза ұстай алмайтын қарт кісілер ұстамаған оразасы үшін пидияны қалай есептеп береді?
29 күн бұрын 4299

Ассаламуғалейкум! Менің ата анам денсаулығына байланысты ораза ұстай алмады. Фидияны кімге береміз ораза біткелі жатыр, кедей мұсылмандар ораза ұстауда, азанда түсте ол кісілер кімді тойдырарын білмейді. Ең төмен мөлшерде қанша тенге береді бір күнге? Және бірден бір айдыкын жағдайы жоқ Жанұяға берема? Түсіндіріп жазып берсеңіз. Алла разы болсын! Жандос.

Бисмилләһир рахмани рахим

Ораза пидиясының мөлшері - пітір садақаның мөлшеріне тең. Пидия беретін жағдайдағы мұсылман Рамазан оразасының әр күні үшін бір пітір садақаның ақшасын беріп отырады. Осылай күндегісін күнде беріп отырсаңыз да болады немесе жинап бірақ берсеңіз де болады. Мысалы, биылғы жылы (2024ж) пітір садақасының мөлшері 640 (алты жүз қырық) теңге десек, оны отыз күнге көбейтесіз, артынан шыққан соманы тұрмысы төмен отбасыға берсеңіз болады. Отыз күндік пидия (фидия) ақшасын бір кедей, мұқтаж адамға берсеңіз де болады немесе бірнеше кедейге бөліп берсеңіз де болады.

Пидияны кімдер береді?

Пидияны - оразаны мүлдем ұстай алмайтын қауқары кеткен кәрі адамдар мен сырқатынан жазылуы неғайбыл болған науқас жандар бере алады. (Алайда бұл кісілер алдағы уақытта оразаларының қазасын өтей алатындай күйге жетсе (қартта қауқар пайда болса, ал жазылмайды деген сырқаты жазылған болса), ұстамаған оразаларының қазасын өтеулері керек, ол үшін берген пидиялары жай садақаға айналып, оразаның орнына жүрмейді).

Абдусамат Қасым