Ассалямуғалейкум! Намаз 90 шақырымнан асса сапар болып есептеледі. Біздің вахтада жасаймыз. Жатақхана ауылдан 80 шақырым жерде. Жумыс жасайтын орын жатақханға 30 шақырым жерде. Сонда екеуі ауылға 110-115 шақырымдай жер. Енді жұмыста жамағат біреуі толық оқыса біреуі сапар оқыйды. Осының шешімін айтсаңыз. Алла разы болсын.
|
Вахтада жұмыс жасаймын. Жолаушылықты есептегенде жұмыс істейтін орынды негізге аламыз ба, әлде жатақхананы ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сіздің жағдайда жолаушылықты есептегенде тоқтаған «жатақханаларыңыз» орналасқан елді-мекенді негізге аласыздар. Сонда, жатақханаңыз орналасқан елді-мекен сіздің тұрақты ауылыңыздан 80 шақырым болғандықтан, жолаушы саналмайсыз. Жолаушы саналу үшін ең кемі 90-100 шақырым болуы тиіс (Ханафи ғалымдары 100 шақырым деген). Ендеше, намазыңызды қысқартпай оқуыңыз керек. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!